Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Презентацияны безендіру мүмкіндіктері

30 желтоқсан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Презентацияны безендіру мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- оқушыларға Рower Point программасында дайындалған презентацияларды безендіруді үйрету;
- мәтін элементтерін безендіру элементтерімен жұмыс жасауға үйрету;
- слайдтарды безендіру элементтерімен жұмыс жасауға үйрету;
Дамытушылық:
- Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа көшу тәсілдерімен, мәтін элементтерін безендіру кезінде таным белсенділіктерін арттыру;
Тәрбиелік:
- Адамгершілікке, әдемілікке, көркемдікке үйрету,

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Өткен сабақты қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық, Power Point праграммасы, ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылармен амандасу
2) Сынып тазалығын тексеру
3) Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын түгендеу
4) Оқушыларға сабақтың өтілу жағдайымен түсіндіру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1) «Алтын қақпа» ойыны
Ойынның шарты:
1. Power Point программасын қалай іске қосамыз?
Пуск – Программы – Power Point
2. Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?
Слайдтарды құру, дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып презентацияны экранда көрсету
3. Слайдпен жұмыс істеудің қандай мүмкіндіктері бар?
Құрылымдық режим, слайд режимі, слайдты сұрыптау, слайдтарды көрсету, бетке ескертпе жазу
4. Сақталған құжаттарды басқа атпен сақтау үшін қанадй командаларды орындаймыз?
Файл – Сохранить как
5. Мәтіндегі қаріп түрін, түсін өзгерту үшін қандай командаларды орындаймыз?
Формат – Шрифт
6. Бос презентацияны құру үшін қандай командаларды орындаймыз?
Файл – Создать
7. Power Point программасында презентацияны қалай құрамыз?
Файл – Сохранить
8. Power Point программасында жұмыс істеу режимінің батырмалары терзенің қай жағында орналасқан?
Экранның сол жақ төменгі қатарында орналасқан
9. Саймандар тақтасындағы «Вставить» (Қою) батырмасы не үшін қажет?
Көшірмесін алған немесе қиып алынған объектіні слайдқа енгізу үшін қажет
10. Автомазмұн шебері қандай қызмет атқарады?
- Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар
- Қызмет бабы бойынша баяндамалар


2. «Ассоцация құру» ойыны. Мұнда екі топқа екі сөз беріледі. Сол сөзге байланысты, қатысты сөздерді жан - жағына шығарады.
1. Power Point программасының
мүмкіндіктері
1. Слайдтар құру
2. Слайдтар сақтауға
3. Мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану
4. Презентациялар дайындауға
5. Анимациялық көріністерді бейнелеуге
6. Дыбыстық мүмкіндіктерді пайдалану
2. Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері
1. Құрылымдық режим
2. Бетке ескертпе жазу режимі
3. Слайдтар режимі
4. Слайдтарға ескертпе жазу режимі
5. Слайдтарды сұрыптау режимі

3. «Бейнелерді құрастыру» ойыны. Мұнда «Түстер» және «Құю» сұхбат терезесін құрастырылуы керек.

4. Шығармашылық жұмыс. Әр топқа екі тақырып беріледі. Сол тақырып төңірегінде Power Point
программасында шығармашылық жұмыс жасап, қорғайды.

5. Тест беріледі.
1. Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?
А) слайдтар құру
В) презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару
С) дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету
Д) презентация материалдарын қағазға немесе 35мм - лік қабыршаққа шығару
2. Power Point программасында презентацияларды құрудың қандай тәсілдері бар
(қате жауабын көрсетіңіз)
А) автомазмұн шебері көмегімен
В) презентацияны көрсету тәсілдері таңдалынады
С) бос презентация
Д) программалық тілде жазу арқылы
3. Автомазмұн шеберінің бірінші қадамында қандай әрекет орындалады?
А) презентацияның түрі, жалпы оның тақырыптық бағыты таңдалынады
В) презентацияны көрсету тәсілдері таңдалынады
С) презентацияны шығару материалының форматы таңдалынады
Д) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды слйдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
4. Авто мазмұн шеберінің екінші қадамында қандай әрекеторындалады?
А) презентацияның түрі, жалпы оның тақырыптық бағыты таңдалынады
В) презентацияны көрсету тәсілдері таңдалынады
С) презентацияны шығару материалының форматы таңдалынады
Д) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
5. Авто мазмұн шеберінің үшінші қадамында қандай әрекет орындалады?
А) презентацияның түрі, жалпы оның тақырыптық бағыты таңдалынады
В) презентацияны көрсету тәсілдері таңдалынады
С) презентацияны шығару материалының форматы таңдалынады
Д) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі.
6. Авто мазмұн шеберінің төртінші қадамында қандай әрекет орындалады?
А) презентацияның түрі, жалпы оның тақырыптық бағыты таңдалынады
В) презентацияны көрсету тәсілдері таңдалынады
С) презентацияны шығару материалының форматы таңдалынады
Д) қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы, титулды слайдта жазылатын мәліметтер енгізіледі
7. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?
А) картиналар MS Clip Gallery объектілерін, файлдан – файлға сақталып тұрған басқа программадағы суреттерді
В) бір мезгілде бірнеше дыбыстық объектілерді
С) MS Word кестесін
Д) сканерден көшірме
8. Power Point программасында слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?
(қате жауабын көрсетіңіз)
А) слайдтар режимі
В) құрылымдық режим
С) слайдтарды сұрыптау режимі
Д) бетбелгі режимі
9. Слайдтар режимі қандай мүмкіндік береді?
А) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы
В) презентацияның тек мәндік мазмұнын көрсетеді
С) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады
Д) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді
10. Құрылымдық режимі қандай мүмкіндік береді?
А) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы
В) презентацияның тек мәндік мазмұнын көрсетді
С) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады
Д) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді

V. Үй жұмысы
Үйге тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмысқа дайындалып келу
VІ. Бағалау
1. Сұрақ – жауапқа байланысты бағаланады
2. Шығармашылық жұмыс
3. Тестке дұрыс жауап беруіне байланысты бағаланады
4. Екі топқа сабаққа қабілеттілігіне қарай мақтау қағаздарымен марапатталады.
16 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Презентацияны графикалық объектілермен безендіру
Презентацияны графикалық объектілермен безендіру
Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосуын, мәтін енгізу слайдқа музыка және бейнеклиптер енгізу әрекеттерін орындатып үйрету. Презентацияны безендіру тәсілдерін үйрену. Оқушылардың PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істе дағдысын қалыптастыру,
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Оқушыларға Power Point бағдарламасы арқылы презентацияларға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруді, анимация әсерлерін баптауды үйрету, білім - біліктілік қалыптастыру.
Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары
Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі: Мұқаналиева Гүлбаршын Мәмбетқызы
Презентация және Power Point
Презентация және Power Point
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылы, №203 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Мұрынбаева Шолпан
Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану
Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану
Қызылорда облысы, Байкоңыр қаласы, М. О. Әуезов атындағы №6 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Рсалиева Айшолпан Қуанышқызы
Презентация жасау және безендіру
Презентация жасау және безендіру
Жамбыл обл. Жуалы ауданы.Б.Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназия Информатика пәні мұғалімі: Андабекова Құралай Елепбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×