Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пернетақта

11 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру.
Білімділік: Енгізу - шығару құрылғыларына жалпы шолу жасау, пернетақтаның жұмысымен таныстыру арқылы оқушылардың білімін көтеру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.
• Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер?
• Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.
• Ақпаратты енгізу - шығару құрылғыларын ата.
• Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта.
• Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?

Жаңа түсініктер:
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары оның интерфейсіне қосылады, ол қосымша операцияларды орындауға арналған. Арналуы бойынша сыртқы құрылғыларды төмендегідей бөлуге болады:
- деректерді енгізу құрылғылары
- деректерді шығару құрылғылары
- деректерді сақтау құрылғылары
- деректерді алмасу құрылғылары
Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 102 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекеттерінің принциптері:

1. Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан - код жіберіледі.
2. Скан - код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар үзу береді.
3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, үзу нөмірі бойынша үзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.
4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.

Шартты түрде пернетақтаны 5 - бөлікке бөлуге болады:
- басу пернетақтасы (алфавитті - цифрлық және таңбалық пернелер)
- функционалды пернелер: Ғ1 - Ғ12
- арнайы операциялар пернелері: Епtег, Еsс, Таb6, Сtгl, Аlt, ВаскSрасе
- меңзерді басқару және редакциялау пернетақтасы
- сандық пернетақта.

♦♦ Функционалдық пернелер - олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Әр түрлі программаларда әр түрлі қызмет атқарады.
♦♦ Символдық пернелер - пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
♦♦ Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
♦♦ Цифрлық - қосымша пернетақта. Nam Lоск арқылы қосылып ажыратылады.
♦♦Еntег - енгізу пернесі - белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.
♦♦ Бос орын - символдарды бір - бірінен ажыратады.
♦♦  немесе ВаскSрасе пернесі алдыңғы символды өшіреді.
♦♦ Shift бұл кіші әріптерді үлкен етуге және керісінше орындауға болады.
♦♦ Сарs Lоск - үлкен әріптер енгізіледі.
♦♦ Dеlеtе - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
♦♦ Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады - Сtгl Аlt.

Сабақты бекіту сұрақтары:
• Компьютердің сыртқы құрылғыларын ата?
• Енгізу - шығару құрылғыларын айтыңыз
• Пернетақтаның блоктарын айт
• Негізгі пернелердің қызметі қандай?
Үйге тапсырма: Пернетақтаны оқу, сөзжұмбақ, ребус құрастыру.
5 320
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер
Оқушыларды WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» манипуляторын меңгерту.
Компьютер құрылымы
Компьютер құрылымы
Компьютер құрылғыларымен танысады, алған білімдерін тапсырма орындау барысында қолданады. Шығармашылық қасиеттерін арттырады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.
Пернетақта
Пернетақта
Информатика пәні мұғалімі Садыкова Зульфира Навирдиновна
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А.К
Windows объектілері. Мауспен жұмыс. Есептер тақтасы
Windows объектілері. Мауспен жұмыс. Есептер тақтасы
Информатика пәні мұғалімі: Тургынбаев М. А.
Қорытынды сынақ жұмысы
Қорытынды сынақ жұмысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, «Жарма технология колледжі»КММ Физика және информатика пәні мұғалімі Сапарьянова Альфия Токтамысовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×