Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Озық ойлы оқушы» сыныптан тыс жұмыс

11 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: Информатика
9 - сыныпта өтетін сыныптан тыс жұмыстың жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін дамытуға, бір - бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1). Сынып оқушыларын түгендеу.
2). Сабақ жоспарын таныстыру.

Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. “Қылқалам сыры” (Paint графикалық редакторында 3 минутта
суретті салу және мәтін теру).
VI. “Жорға” Қалған 2 оқушыға 10 - 10 - нан сұрақтар оқылады, көп ұпай жинаған оқушы “Озық ойлы оқушы” атанады.
VII. Марапаттау

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан
«ИФМ – әлеміне саяхат» атты информатика, физика, математика пәндері апталығына қош келдіңіздер!
Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Озық ойлы оқушы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған 9 - сынып оқушыларын ортаға шақырамын.

Алдағы біз баратын бағыт анық,
Ұшқыр ойлы екендігіңді тағы таныт.
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық.

І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
1. Бос орын қалдыру пернесі
2. 1 Гбайт неге тең?
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
4. Жалпы желіге қосылу үшін не керек?
5. Вирустың кері әсерін жоятын программа
6. Өшірілген файлдар қай папкада сақталады?
7. Олар компьютердің қосымша бөліктері. Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді?
8. Компьютердің атасы?
9. Кесте нелерден тұрады?
10. Сурет салуға арналған программа

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай, шәкіртім саған несібе.

ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
1. Жіпке ілдім мен өзім, кіп-кішкентай күн көзін
2. Өнер алды - қызыл...
3. Дүниежүзілік компьютерлік желі
4. Сурет салу қаламы
5. Ақпараттың қайнар көзі
6. Терезені жабу батырмасының аты
7. Кітап ненің бұлағы?
8. Өлең ненің патшасы?
9. Жолдар мен бағандарда реттеліп берілетін ақпарат
10. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік

Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік.

ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай).
1. 2кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (тең)
2. Марат кешкі сағат 10 - да жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 - ға қойды. Ол неше сағат ұйықтайды? (11 сағат)
3. Немересі атасынан: “Жасың нешеде?” деп сұрады. Атасы: - өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде? (66 - да)
4. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8 - ші)
5. 1000 оған 40 - ты қосыңыз. Тағы бір мың қосыңыз. Оған 30 - ды қосу керек. Тағы 1000. қосу 20. қосу 1000 және тағы 10 - ды қосыңыз. Неше шығады? (4100)
6. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр? алмұрт па, әлде шабдалы ма? (Алмұрт)
7. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4 рет)

Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен.
ІІІ кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық.

ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
Нимотор ----------- Монитор
Пьюромтек ------- Компьютер
Енрепатқат -------- Пернетақта
Лайф ---------------- Файл
Рльоукятакл ------ Калькулятор
Атқсуа -------------- Сақтау
Аэкторикелн ----- Электроника
Дңеөу -------------- Өңдеу
Млтогира ---------- Алгоритм

ІV кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық.

V. “Қылқалам сыры” (Paint графикалық редакторында 3 минутта суретті салу және мәтін теру).
V кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушыны шығарып салайық.

VI. “Жорға” Қалған 2 оқушыға 10 - 10 - нан сұрақтар оқылады көп ұпай жинаған оқушы “Озық ойлы оқушы” атанады.
А)
1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)
2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)
4. Терезенің орысша атауы? (Окно)
5. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
8. Бір байтта неше бит бар? (8)
9. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема)
10. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)

Б)
1. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60 - 70)
2. «Paint» қандай редактор? (графиктік)
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
4. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)
5. Дүние жүзілік желі? (Интернет)
6. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (Caps Lock)
7. Екілік санау жүйесінің сандары? (0 мен 1)
8. Компьютердің миы (Процессор)
9. Вирусты жоятын программа (антивирус)
10. Дыбыс жазу құрылғысы (Микрофон)
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ» ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
10 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Инфобілгірлер
Инфобілгірлер
Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Үздік информатик
Үздік информатик
№92 ЖОМ информатика пәні мұғалімі: Р.А.Исмаилов
Информатикадан сайыс
Информатикадан сайыс
Информатикадан сайыс 5-6 сыныптар
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
БҚО, Казталов ауданы, Бостандық ауылы. информатика пәні мұғалімі Хамитова Лунара Максотовна
«Информатика дарабозы»  атты сыныптан тыс шара
«Информатика дарабозы» атты сыныптан тыс шара
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы №1 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Абаданова Алия Сабырбаевна
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×