Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


PowerPoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері

16 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
І. Сабақтың тақырыбы: PowerPoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.
Тәрбиелілік: Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтыққа үйрету
Дамытушылық: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Ақпараттық сабақ
Көрнекілігі: слайдтар, үлестірме тапсырмалар
Өту әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, ой - қозғау
Техникалық құралдар: компьютер, оның жабдықтары

ІІІ. Сабақтың барысы:
1 - кезең. Ұйымдастыру кезеңі
2 - кезең. Сергіту сәті
3 - кезең. Мамандық таңдау
4 - кезең. Сарамандық жұмыс
5 - кезең. «Менің болашаққа арманым»
6 - кезең. Сәйкестендіру тесті

1. Оқушылармен амандасу
2. Кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу.
1. Сергіту сәті
Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап, бірін ал!
1. Сұрақтарға жауап беру.

2. Мамандық иесі атану.
Мұғалім, дәрігер, есепші, экономист, журналист, сәулетші, спорт маманы, заңгер, программалаушы
1. Microsoft PowerPoint қандай программа?
Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т. б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді.

2. PowerPoint - тың негізгі міндеті қандай?
Ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

3. Көрме деген не?
Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы.

4. PowerPoint бағдарламасын іске қосу.
Бастау - Бағдарламалар - Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз.

Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.
Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында жаңа көрмені жасау үшін бірнеше нұсқалар ұсынылады:
♦ Жаңа презентация (Новая прзентация)
♦ Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)
♦ Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)
Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі - мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті кірістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз.

PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т. с. с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка – Фильмы и звук – Звук из файла командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.
Файлдар кеңейтілімі мен түрлерін сәйкестендір
1. Еxcel ---------------- 1. Нысанға жан бітіру программасы (. ppt)
2. Word --------------- 2. Графикалық қолданба (. bmp)
3. PowerPoint ------- 3. Мәтіндік редактор (. doc)
4. Paint ---------------- 4. Электрондық кесте (. xls)
Дұрыс жауабы: 1 - 4, 2 - 3, 3 - 1, 4 - 2

Үйге тапсырма беру: PowerPoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері
Бағалау
17 178
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
PowerPoint бағдарламасы
PowerPoint бағдарламасы
Білімділік: 1. PowerPoint бағдарламасын іске қосуды үйрету. 2. PowerPoint бағдарламасын қолдана білу. 3. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
Географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
PowerPoint бағдарламасында көрмелерді әзірлеу
PowerPoint бағдарламасында көрмелерді әзірлеу
Информатика пәні мұғалімі: Джунаева Зияда Номановна
Mәтіндік құжатты  пішімдеу
Mәтіндік құжатты пішімдеу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Наукебаева Сайлаугул Жубандыковна
MS PowerPoint бағдарламасында жаңа құжат құру
MS PowerPoint бағдарламасында жаңа құжат құру
Сабақтың мақсаты: А) PowerPoint презентациясында жаңа құжат құру, оның негізгі элементтерін түсіндіру, презентацияға мәтін, сурет кірістіру, оларға анимация жасау кезеңдерін үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×