Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпаратты түрлендіру

19 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты түрлендіру
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және сақтаудың
тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.
Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, ASСII кодтарымен таныстыру:
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт. тақта, элект. оқулық

Сабақтың өту барысы: 1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмаларды орындау
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары:
* Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
* Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
* Байланыс тілі деп нені айтады?
* Қандай тілдерді білесің?
* Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
* Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

Жаңа түсініктер:
Ақпаратты белгілі - бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау деп те айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфавиті 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы; 1 - құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын, немесе 1 - жоғары кернеу,
0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе
1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды. Символдарды кодтау үшін
8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.

ASCІІ коды.
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код - ASCLL коды - американдық
ақпарат алмасудың стандарттық коды.
Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады; стандарты, баламалы.
Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0 - ден 127 - ге дейінгі кодтар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі - 128 - ден 255 - ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасушы. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.
Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.

Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез - келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт.
Хабардың ақпараттың көлемі - бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 байт = 8бит;
1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;
1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;

ІІ – сабақ
Практикалық жұмыс
Электронды оқулықпен жұмыс
№1, 2 тапсырмалар

Сабақты бекіту сұрақтары:
● Кодтау мен кері кодтау деген не?
● Бит, байт деген не?
● Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Ақпаратты түрлендіру.
6 798
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.
Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.
Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Берикболова Айгуль Дуйсеновна
Ақпарат
Ақпарат
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Жәнібек колледжінің информатика пәні мұғалімі Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович
Ақпаратты кодтау
Ақпаратты кодтау
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×