Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.

24 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы:
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Редакциялау және форматтау.
Сабақтың мақсаты:
Excel - дің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, диаграммамен жұмыс істеуге, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Әр оқушының өзіне бекітілген компьютермен жұмыс жасауға дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау:
1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?
2. Деректерді сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?
3. Формула қандай символмен басталады?
4. Автосумма деген не?
5. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?
6. Жұмыс парағы қанша жол, қанша бағаннан тұрады?
7. Ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе қандай белгі шығады?

Оқушыларға өткен тақырыптардан тест алып, алған білімдерін пысықтау.
1. Электронды кесте бұл …..
А) Қандайда бір шын өмірдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтер жиыны.
Б) Сандық кестелермен жұмыс істейтін программа.
В) Шын өмірдегі объектілерден тұратын массив.
2) Электрондық кестеде қандай функциялармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар?
А) Математикалық
Б) Финанстық
В) Статистикалық
Г) Логикалық
Е) Химиялық
3) МS Excel – де кестенің жеке ұяшықты көрсететін, жолдың номері мен бағананың атын білдіретін ол -....
А) Есептеу нәтижесі
Б) Ұяшыққа енгізілген формула
В) Ұяшық адресі
4) МS Excel - құжаты... болып табылады.
А) аты xls түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл
Б) аты dos түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл
В) аты. mdb түрінде берілген ерікті кеңейтілулі файл
5) МS Excel кестесіндегі қатарлар саны қанша?
А) 1 ден 6536
Б) 1 ден 65536
В) 65536
6. МS Excel кестесіндегі бағаналар саны қанша?
А) 256
Б) 1 ден 255
В) 65536

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.
Диаграмма – деп кестедегі мәліметтерді графиктік түрде ұсынуды айтады.
Диаграмма құру үшін кестедегі мәліметті белгіленген кейін аспаптар панелінен батырмасын шерту немесе Вставка – Мастер Диаграмм командасын таңдаймыз. Содан кейін мынандай терезе шығады.
Диаграмма тұрғызудың бірінші қадамы: Диаграмма типін таңдау. Диаграмманың 14 типі бар. Келесі қадамға өту үшін «Далее» батырмасы қолданылады.
Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын батырмасын шертуге болады, сонда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды. Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 119
0
  • 100
1 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Қызықты информатика факультатив жоспары
Қызықты информатика факультатив жоспары
Қызықты информатика ФАКУЛЬТАТИВ ЖОСПАРЫ
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
MS Excel бағдарламасын қорытындылау
Оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу толтыру маркері
ЕХСЕL кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру
MS Excel - мен танысу. MS Excel - ге берілгендерді енгізу және редакциялау
MS Excel - мен танысу. MS Excel - ге берілгендерді енгізу және редакциялау
Садыбаева Назкен Жаксылыковна Информатика пәнінің мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.