(Модульдік жүйе бойынша сабақ жоспары)[/center]
Пән атауы: Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету
Сабақтың тақырыбы: Желдеткіш және оған қызмет көрсетуМақсаты: - Жүйелік блок ішіндегі желдеткіш туралы мәлімет беру; Желдеткіш түрлерімен және оның міндеттерімен таныстыру; Жүйелік блок ішіндегі құрылғылар жайлы түсініктерін кеңейту.
- Желдеткіш жайлы алған білімдерін іс - жүзінде қолдана алуға дағдыландыру; мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру
- Техника қауіпсіздік ережесін сақтауға, компьютермен ұқыпты, таза жұмыс жасауға, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың міндеті: Жүйелік блоктың ішкі құрылғыларының бірі желдеткіш туралы білім беру, ой өрістерін кеңейту
Күтілетін нәтиже: Білім алушылар желдеткіш және оның түрлері, қызметі маркалары, параметрлері, оны күту ережелері туралы білу
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Оқытудың әдісі, тәсілдері, пед техника, пед. технологиялар: АКТ, СТО технологиялар. «Миға шабуыл», «Ойымды аяқта». Дәріс, сұрақ - жауап, ой - талқы, техникалық диктант т. б.
Қажетті құрал - жабдықтар: Компьютер, интербелсенді тақта, бейнеролик, Интернет желісі, ТҚ қалқаны, алғашқы көмек көрсету бұрышы және т. б.
Қосымша әдебиеттер: Д. Ғабдуллаев Есептеуіш техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Фолиант, 2016
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1. Ұйымдастыру кезеңіСәлемдесу, түгендеу, назарларын аудару (желдеткіш дыбысын қосу арқылы)
2. Үй тапсырмасын тексеру«Миға шабуыл» әдісі (экранда көрсетілген құрылғылардың қызметін айту)
Электронық оқулықпен жұмыс
3. Білім алушыларды негізгі кезеңдегі жұмысқа дайындауКабинеттегі тақырыпқа байланысты құрылғыларды көк түсті шармен ерекшелеп, сабақтың тақырыбын табу
4. Жаңа білімді қалыптастыру және іс - қимыл әрекеті1. Желдеткіш (кулер) және оның қызметі
2. Желдеткіштің түрлері
3. Желдеткіштің бір - бірінен айырмашылықтары
4. Желдеткішті күту ережелері
5. Өткен материал бойынша алғашқы түсінігін тексеру1. Жеке жұмыс (тақырып бойынша дайындалып келген білім алушыға сөз беріледі)
2. Желдеткіш туралы бейнеролик көрсету
6. Жаңа тақырыпты бекіту және іс - қимыл әрекетіЭкрандағы суреттен жүйелік блокта неше желдеткіш орналасқанын табу
7. Білім қолдану және іс - қимыл әрекеті«Ойымды аяқта» әдісін қолдану
- Мен желдеткішті сатып аларда мынанадай параметрлеріне көңіл бөлер едім.....
- Компьютерімдегі желдеткішті тазарту үшін маған мына заттар қажет.....
- Компьютерді сағат сайын өшіріп суытып тұру.....
- Ноутбукте желдеткіш.....
- Желдеткішті орнату үшін маған мына май қажет.....
8. Алған білімді жалпылау және жүйелеуЖелдеткіш туралы ойларын білу
9. Алған білімдерді меңгеруді бақылау, өзара бақылау және іс - әрекетіТехникалық диктант
Желдеткіш -... күшінің әсерінен айналып тұратын... механизм. Ол компьютердің ішкі құрылғыларын..., жүйелік блоктан немесе қоректену жүйесінен... ауаны шығару қызметін атқарады. Желдеткіштің негізгі орналасу жерлері...,...,.... Желдеткіштердің бір - бірінен мына параметрлер арқылы ерекшеленеді...,...,...,....
10. Білімдерін түзету және іс - қимыл әрекетіТехникалық диктантта кеткен қателіктеріне тоқталып, түсініктеме беру
11. Сабақты қорытындылау және рефлексия «Білім сатысы» әдісі.1. Мен.... дұрыс түсінбедім.
2. Мен... түсіндім, әлі де ізденемін.
3. Мен... қолдана аламын.
Сабақтан алған әсерлерін стикерлермен көрсету
12. Үй тапсырмасын хабарлау, бағалау[center]
Талдықорған гуманитарлық техникалық колледжінің
1 санатты информатика пәнінің оқытушысы
Бюлюкеева Айнұр Маратқызы