Ақпарат, Адам, Компьютер
1. 1 - тақырып. Ақпарат.
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарат түрлері. Ақпарат көзі, қабылдаушы мен жеткізу ортасы. Ақпараттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы. Ақпараттың қасиеттері және нысандары. Бейнелі және таңбалы ақпарат. Ақпаратты кодтау тәсілдері.
Программалық - дидактикалық қамсыздандыру: Оқулық
Жұмыс дәптері
Сабақтың мақсаты: Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, үлгілерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру.
Арнаулы сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру. Бейнелі және таңбалы ақпаратты ажырата білуге үйрету. Таңбалы ақпаратты кодтау тәсілдерімен таныстыру.
Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:
- ақпарат ұғымын;
- ақпарат формаларын;
- ақпарат көздерін;
- ақпарат типтері мен қасиеттерін;
- ақпаратты өңдеу тәсілдерін;
- ақпаратты кодтау тәсілдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс - әрекетінде ақпараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу тәсілдерінің мысалын келтіру.
Теориялық материалды түсіндіру, жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды орындаумен кезектестіріледі.
Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. Оның өсімдіктердің, жануарлардың, адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі мәні олардан кем емес. Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәліметтер ғана емес, күрделі биологиялық молекулалардың құрылымында, радиосигналдар мен кілт рельефінде сақталатын мәліметтер болып табылады.
Дегенмен, ақпарат ұғымы ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасушы, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы барын ұйғарады деп пайымдауға болады.
Бұл ұғым барлық салаларда: философияда, жаратылыстану мен гуманитарлық ғалымдарда, биологияда, медицина мен физиологияда, адам мен жануарлар психологиясында, социологияда, өнерде, техникада, экономикада және күнделікті өмірде пайдаланылады.
Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.
Информатика кабинетіндегі жұмыс тәртібі иен қауіпсіздік техникасының ережелері. жүктеуАқпарат, Адам, Компьютер. жүктеуАдам ақпаратты қалай алады. Ақпаратты кодтау. ASCII коды. жүктеуАқпарат өңдеу, сақтау және беру техникалық құралы. Ақпарат және оны бағалау. жүктеуИнформатика деген не? Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. жүктеуЕсептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлі: мектепте, үйде, медицинада, бизнесте, өнерде, ғылымда. ЭЕМ - ді қолдану аумақтары. жүктеуҚазіргі қоғамдағы ЭЕМ - нің ролі. Эем - ді қолдану салалары. Дербес компьютермен танысу. жүктеуПрограммалар, программалық қамсыздандыру түсінігі. Операциялық жүйе. жүктеуҚолданбалы программалар. Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері. жүктеуФайлдар, папкалар, жазба қағаздар (ярлыки). Папка құрылғылары. Таңбашалар. Таңбашалар жасау. жүктеуОбъектілерді көшіру. Себет. Себеттегі объектілерді өшіру. Өшірілген файлдар мен папкаларды қалпына келтіру. жүктеуАқпаратты жазу және оқу. Ақпаратты тасымалдау. Иілгіш және компакт-дискілер. жүктеуСынақ жұмысы. жүктеуPaint графиктік редакторы. жүктеуPaint графиктік редакторы. Мәзір (меню) кезеңдері. Қисық сызықтарды салу, құю құралдарын қолдану. жүктеуГрафиктік редакторында тексті енгізу. жүктеуWord Pad редакторы терезесінің элементтері. Менюі, құралдар тақтасы. жүктеуҚұжатты ашу және сақтау. жүктеуМәтін үзінділерін жылжыту және көшіру. Практикалық жұмыс. жүктеуКалькулятор программасына түсінік. Арифметикалық және алгебралық өрнектерді жазу ережесі. жүктеуКалькулятор программасында инженерлік калькулятор режиміне ауысу әрекеті. жүктеуКалькулятор программасында инженерлік калькулятор режиміне ауысу әрекеті. жүктеуТригонометриялық есептеулердегі бұрыш өлшемін өзгерту. Калькулятормен текстік редактор арасындағы байланыс. жүктеуЛабораториялық жұмыс. жүктеуФонограф бағдарламасы. Негізгі түсінік. Мәні. Жүктеу кезеңдері. жүктеуУниверсальды және лазерлік пластинка ойнатқыш көмегімен музыкалық шығармаларды қабылдау. жүктеуКомпьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. жүктеу