Білімділер поралы

Астанадағы өрт

Астанадағы өрт
Қарыны тоқ, көйлегі көк болмаса да асқақ арманмен өсіп келе жатқан бес тағдыр қиылды. Альбина, Алина, Элина, Сабина және Бақыт. 2006, 2008, 2013, 2015, 2018 жылғы туған балалар еді.
Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды. Бір отбасы бес бірдей қызынан айырылды. Ата - анасының қарауынсыз қалған бүлдіршіндер тілсіз жаудың құрбаны болды.

Қайда жүр деп ата - анамды сөкпеңіз,
Қар үстінде тамақ іздеп кеткен із.
Жер бетінен жайлы орын таба алмай,
Түн ортасы ұшып кеттік көкке біз!

Енді біздер мектеп, бақша бармаймыз,
Енді дәптер, сөмке сатып алмаймыз,
Енді бізге берсеңдер де хан сарай,
Ішін шашып, ойнап, асыр салмаймыз!

Уақыт боп, айырылдық жас жаннан,
Өміріміз тар бөлмеде басталған.
Барлық бала бақытты өмір сүрсінші,
Біз оларды бақылаймыз, аспаннан!

Қастарыңда болсын дайым анаңыз,
Әкетайың болсын дайым панаңыз,
Бұл өмірден пәтер көрмей кетсек те,
Ұжымақта зәулім сарай саламыз!

Енді аяздан ешбір сәби тоңбасын,
Жауқазын гүл ашпай жатып солмасын,
Ұрпағыңның жарық болып маңдайы,
Отанымда еш жамандық болмасын!!!

Авторы:
Кеңшілік Тышқанұлы
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 212
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 211
Роботтар: 2
Жаннур
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика