Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ҚАЗҰУ QS-ТЕ АЛҒА ЖЫЛЖУДА

10 наурыз 2020, Сейсенбі
Категориясы: Жаңалықтар
QS «WUR by Subject 2020» рейтингісінде бес пән бойынша әлемнің 1200-ден астам университеті қарастырылды. Өткен жылмен салыстырғанда ҚазҰУ «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» мамандығы бойынша өз көрсеткіштерін жақсартып, 339 орыннан 277-ге көтеріліп, «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» мамандығы бойынша 351 орынға ие болды.
«Заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша университет әлемнің ең үздік 51-100 жоғары оқу орындарының тобына, «Лингвистика» бойынша 201-250, «Ағылшын тілі мен әдебиеті» және «Құқықтану» бойынша 251-300 тобына кірді. Сонымен қатар аталмыш рейтингке алғаш рет «Математика» (топ 351-400), «Экономика және эконометрика» (451-500), «Физика және астрономия» (551-600) мамандықтары енді.
Рейтинг әдіснамасы төрт негізгі көрсеткіштер: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми мақалалардың дәйексөзділігі және Хирш индексі негізінде құрылады. QS «WUR by Subject 2020» 95 мыңнан астам оқытушының, 45 мың жұмыс берушінің пікірін, сондай-ақ «Scopus» деректер қорынан алынған мәліметтерді ескере отырып жасалды.
ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік рейтингтерде табысты алға жылжып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, 2019 жылы QS жаһандық рейтингісінің нәтижесі бойынша жетекші қазақстандық университет әлемнің үздік ЖОО тізімінде 207 орынға ие болды.  ТМД елдерінен бұл топқа тек Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енді.
2 курс магистранты Алпысбай М.А.
ғылыми жетекші: Құрманалиева А.Д.
1 107
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Бұл университет Қазақстан Республикасында ең танымал болып есептеледі. Кез келген Қазакстан азаматынан универ жайлы сұранасыз, ол міндетті түрде
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе?
Кембридж университетіндегі ең алғашқы төрт мамандықтың бірі "ДІНТАНУ" болғанын білесіз бе? Атақты Кембридж университеті – Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондон қаласынан солтүстікке қарай 80 км
Астана – білім мен ғылым ордасы
Астана – білім мен ғылым ордасы
Астана өте әдемі қалалардың бірі. Астананың ауасы таза, әрі керемет. Қалаға көшіп келушілер, оқу бітіріп жұмыста қалып қоятындарда көп екен. 1999 жылы халық санағына сәйкес Астанада (ол кезде Ақмола) 319мың халық тұрса, қазір 700 мыңнан астам тұрғын
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Мен ҚазҰУ-да оқуды мақтан тұтамын
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Бұл университет Қазақстан Республикасында ең танымал болып есептеледі.
ҚазҰУ мақтанышым
ҚазҰУ мақтанышым
Балалық шақтан болашаққа жетелеп, маман иесі атану үшін, яғни білім алу мақсатымен Атырау қаласындағы Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжіне шет тілі екі шетел тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп,
Дінтану мамандығы жайлы білесіз бе?
Дінтану мамандығы жайлы білесіз бе?
Соңғы төрт жыл ішінде «Дінтану» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі 22 грантқа дейін ұлғайтылып, 2014 - 2015 оқу жылында мемлекеттік тапсырыстың көлемі 82 грантты құрады Жоғары білім саласында барлық мамандықтарға арналған жаңартылған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×