Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Ең алғаш рет қалай сүйісу қажет?

Ең алғаш рет қалай сүйісу қажет?

23 тамыз 2019, Жұма
Категориясы: 18+
Қалай сүйісу керек? Осы сұрақ көптеген жастарды алаңдататыны белгілі. Бүгін біз осы сұраққа жауап іздеп көреміз.
Бүгін біз қалай дұрыс сүйісу керек деген сұраққа жауап береміз. Алғашқы сүйісу қыз бен жігіт арасындағы қатынастың алға қарай болатынын немесе болмайтынын анықтайды десек артық айтпаған болар едік. Егер сүйісіп отырған екі адамға ерін тигізген кездегі сәт ұнаса бұл жақсы дегенді білдіреді. Ал егер ұнамаса, жиіркену пайда болса, онда бұл екі адамға дос болып қалып, ара-қатынасты үзген дұрыс болады деп ойлаймын.


Нұсқаулық:
1. Алғашқы сүйісу - елеулі оқиға, сондықтанда оған алдын-ала дайындық жасау қажет. Ең алдымен - деміңізге назар аударыңыз. Аузыңыздан сасық иіс шығып тұрмауы керек. Егер алғашқы сүйісудің болатынын сезсеңіз ауызға шашатын арнайы таза иіс беретін спрей алып жүріңіз.
2. Ерініңізге ерін бояғыш (помада) жақпауға тырысыңыз. Себебі сүйісу кезінде помада ериді де қасыңыздағы жұбыңыздың бетіне немесе киіміне жұғуы мүмкін. Егер ерініңіз жұмсақ болсын десеңіз оны сулауыңызға немесе түссіз ерін бояғыш жағуыңызға болады.
3. Егер сіз сүйісуден қорықсаңыз немесе ұялсаңыз қасыңыздағы серігіңізге бұл жөнінде ашық айтыңыз. Егер сүйісуге мүлдем дайын болмасаңыз өзіңізде күштеп көндіруге тырыспаңыз. Бұл сіздің алғашқы сүйісуден алатын ләззатыңызды бұзуы мүмкін.
4. Егер сіз және сіздің серігіңіз сүйісуге дайын болсаңыз, онда көздеріңізді жұмып, еріндеріңізді жақындатыңыздар. Мұрындарыңыз бір-біріне тиіп, кедергі келтірмеуі үшін біреуіңіз бетіңіздің оң жағын біреуіңіз сол жағын түйістірулеріңіз керек.
5. Серігіңіздің ерінін сезгеннен кейін оның ерінінің астыңғы бөлігін үстіңгі ерініңізбен жауып сүюіңіз керек. Бірден бас салмай азырақ ерініңізді қозғап серігіңіздің ерінін сора беріңіз.
6. Сүйісу кезінде серігіңіздің мойынынан, белінен ұстап денесін жай сипалауыңызға болады. Бұл қатынастың маңызы зор. Сіз осылайша серігіңізбен жақындай бастайсыз. Бірден жыныстық қатынасқа жол бермеңіз. Осынау сәтті ұзағырақ жалғастыруға тырысыңыз.
360
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Бизнес - идеялар
Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
Адам танығың келсе – сөйлес!
Адам танығың келсе – сөйлес!
Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі. Әр адамның деңгейі әр түрлі. Ежелгі заманда Сократтың өзі «Мен сені танысын десең, әңгіме айт» дейтін көрінеді.
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда мақұлданды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
Пікірлер (0)