Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.

14 желтоқсан 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Қоғам
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр - сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады. Тіпті биыл ұсынылған жобалардың саны рекордтық көрсеткіш жинады. 7 - 10 желтоқсан аралығында беделді әділ - қазылар 200 - ге тарта шығармашылық жұмыстарды бақылап, әділ бағасын берді.
Салтанатты жабылу рәсімінде байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері анықталды. Байқау қорытындысына сәйкес «Тарихи мұра маршруты» бағыты бойынша Шымкент қаласындағы физика - математика бағытындағы НЗМ оқушылары жеңімпаз атанды. Екінші орынды Алматы қаласындағы химия - биология бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушылары иеленді, ал үшінші орынды Петропавл қаласының Зияткерлік мектебі қанжығаларына байлады.
«Туған өлкем – жұмақ мекен!» табиғи қорық бағытында 1 - ші орынды Нұр - Сұлтан қаласының физика - математика бағытындағы, 2 - ші орынды Павлодардағы химия - биология бағытындағы, 3 - ші орынды Семей қаласының физика - математика бағытындағы мектептері иеленді.

Алматы, Қарағанды және Өскемен қалаларының химия - биология бағытындағы Зияткерлік мектептері «Ұлт руханияты – бабалар аманаты» мәдени мұра бағытының жүлдегерлері атанды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп, Қарағанды қаласының химия - биология бағытындағы және Тараздың физика - математика бағытындағы мектептерінің жас зерттеушілері «Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует» бағытында бақ сынап, жүлделі орындарға ие болды.
«Селт еткізер ерен ой» бойынша Тараз қаласының және «Туған жер - тұғырым» эссе байқауы бойынша Талдықорған қаласының физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері жеңімпаз атанды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова жеңімпаздарды құттықтап, болашақта биіктерден көріне берулеріне тілек білдірді.
- Аталмыш жоба жастардың туған елге, тарихына, мәдени мұраларына, қоғам қайраткерлеріне деген сүйіспеншілігі, құрметі мен ілтипатының артуына үлкен септігін тигізеді. Бір қуантарлығы, бұл жоба байқауына оқушы және мұғаліммен бірге ата - аналар да ат салысты. Басқарма отырысының шешімімен, желілік байқаудың барлық 200 - дей жоба авторларына сертификаттар және қаржылай сыйақы табысталады, - деді Басқарма төрайымы.
1 777
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек
National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек
NIS оқушылары, ұстаздары мен ата - аналары кезекті «Даналық бейсенбіні» әйгілі «National Geographic» журналының еліміздегі өкілдерімен жүздесуге арнады.
«Ұлы дала мұрагерлері»: учеников NIS поздравили знаменитые казахстанцы и робот София
«Ұлы дала мұрагерлері»: учеников NIS поздравили знаменитые казахстанцы и робот София
В Назарбаев Интеллектуальных школах завершился традиционный форум «Ұлы дала мұрагерлері», на котором подведены итоги краеведческо - исследовательской экспедиции «Туған елге тағзым – 2020».
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Голдберг машиналарын құрастыру бойынша инженерлік шығармашылық желілік байқаудың нәтижелері белгілі болды.
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS - тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалатын
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.