Қазақстан
жаңалықтары.
» » Қырымдағы Керчьте атыс пен жарылыс болды

Қырымдағы Керчьте атыс пен жарылыс болды

19 қазан 2018, Жұма
Категориясы: Әлемде
Қанды оқиғадан 20 адам қаза тапты, оның алтауы кәмелетке толмаған.
Қырымдағы Керчьте атыс пен жарылыс салдарынан қаза тапқандардың аты-жөні анықталды. Бұл туралы Ресей ақпарат құралдары қала әкімшілігінің басшысы Дилявер Мельгазиевке сілтеме жасап хабарлады.
Барлық мәйіттің кімдердікі екені анықталды, – деді Мельгазиев.
Оның мәліметінше, құрбан болғандардың 15-і – студент, бесеуі – оқу орнының жұмысшысы. Қайтыс болған студенттердің алтауы кәмелетке толмаған.
Еске салайық, 17 қазан күні Керчьтегі технология колледжінде қолдан жасалған бомба жарылған еді. Төтенше оқиғадан соң террорлық әрекет дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ кейін колледжде оқитын бір жігіттің әуелі оқу орнында адамдарға оқ атқаны да белгілі болды. Соған байланысты қылмыстық іс “екі және одан да көп адамды өлтіру дерегі бойынша қозғалған іс” деп ауыстырылды.

Тергеу комитеті 20 адамның бәрі оқ тигеннен қайтыс болғанын анықтады. Атыс кезінде тағы ондаған адам жарақат алды. Бірнеше адамның жағдайы ауыр.
Колледждегі адамдарға оқ атқан адам осы оқу орнында оқитын Владислав Росляков болып шықты. Ол атыстан кейін өзін-өзі өлтірді.
Владислав Росляков мұндағы “Өнеркәсіп және азаматтық ғимараттар электр жабдықтарын құрастыру, жөндеу және пайдалану” мамандығына 2015 жылдың қыркүйегінде түскен. Қырым басшысы Сергей Аксеновтың айтуынша, Росляков оқу үлгерімі жақсы, стипендия алатын, бұрын агрессия байқатпаған оқушы болған.
Қырымның шұғыл қызмет мамандарының мәліметінше, бір ай бұрын Владислав Росляков қару сақтауға рұқсат алған. Оған дейін жігіттің үйінің қару сақтау ережесіне қаншалықты сай екені тексеріліпті, мамандар ешқандай заңсыздық таппаған. Қару сақтауға берілген лицензия оның тиісті медициналық комиссиядан, соның ішінде, психиатрдан өткенін айғақтайды.
Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қырымда үш тәулік бойы қаралы күн жарияланды.
1 113
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Бизнес - идеялар
Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
Адам танығың келсе – сөйлес!
Адам танығың келсе – сөйлес!
Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі. Әр адамның деңгейі әр түрлі. Ежелгі заманда Сократтың өзі «Мен сені танысын десең, әңгіме айт» дейтін көрінеді.
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда мақұлданды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
Пікірлер (0)
код көрінбесе қайта басыңыз