Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » «Ontustik Startup - 2020» жобасының жеңімпаздары анықталды

«Ontustik Startup - 2020» жобасының жеңімпаздары анықталды

10 ақпан 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Білім
«Ontustik Startup - 2020» жобасының жеңімпаздары анықталды
Шымкент қаласы химия - биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «Ontustik Startup - 2020» үздік жобалар конкурсының ақтық туры өтті. Үміткерлерден өтініш қабылдау 15 қарашада басталған. 2 ай ішінде қаладағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан 30 - ға жуық жоба келіп түсті. Оның 10 - ы финалдық турға жолдама алды. Жобалар туризм, IT, ғылым және техника, әлеуметтік жобалар, агро - бизнес бағыттары бойынша қабылданды.
«Жобаның бірінші және екінші кезеңінде ұйымдастырушылармен бірге барлық жұмыстың кемшіліктерін қарап шықтық. Жоба авторларына кем - кетігі айтылды. Бизнес жоспарларға қатысты мәселелер де болды. Зиянды жақтары, пайдалы тұстары, сату бағасы барлығы ескерілді. Өнертапқыштар ақтық кезеңге жұмыстарын түзетіп әкелді. Барлығын бүгін тыңдап шықтық. Барлығы қызық, инновациялық бағытта екен. Біз олардың арасынан бәсекеге қабілетті, нарықта сұранысқа ие болатын 3 жобаны таңдап алдық. Осындай конкурстар балалардың ғылыми - зерттеу дағдыларын дамытуға, қызығушылығын арттыруға көмек береді деп ойлаймын. Қазылар алқасының өздері қызығушылық танытып отырғандар болды. Оқушылардың жұмысына мемлекет тарапынан грант бөлінбеген. Сондықтан, инвестор тартуға болады. «Ақылды жылыжай» жобасын қолданысқа енгізуге болады. Бірақ, мамандармен ақылдасып, шаруа қожалықтарына орнату үшін біршама уақыт және көбірек қаражат қажет болады. Бие сүтінен жасалатын балмұздақты аз ғана қаражатпен бастауға да болады»,- дейді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейітов.
Конкурстың басты идеясы өмірдің сапа стандарттарын жетілдіруге бағытталған өзекті, әлеуметтік маңызға ие және перспективалық бизнес бастамаларды қолдау және іріктеу, сондай - ақ, бизнес қауымдастық пен жоба авторларының қарым - қатынасын жетілдіруге бағытталған.
Конкурстың мақсаты - креативті және инновациялық идея мен жобаларды іздеу, жасөспірімдерді пайдалы және рентабельді идеяларды ойлап табуға қолдау көрсету, жас әрі инновациялық жасөспірімдерді тәрбиелеу болып табылады.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Шымкент қаласы химия - биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ендібаева Аружан мен Елшібай Алияның «Бие сүтінен балмұздақ жасау» жобасы І орынға лайық деп танылды.
ІІ және ІІІ орынды Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп – гимназиясының оқушылары өзара бөлісті.
518
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Мұғалімдер критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы дұрыс екенін түсінеді және ол дамыған елдердің бағалау жүйесінің талаптарымен салыстырылатын бағалаудың жаңа стандарттары мен механизмдерін қамтамасыз етті.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)