Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Талдықорғандағы NIS түлегі Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты⠀

15 сәуір 2021, Бейсенбі
Категориясы: Білім
Талдықорғандағы NIS түлегі Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты⠀

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты. Курсқа робототехника бойынша үздік қазақстандық тренерлер мен американдық ЖОО профессорларының вебинарлары мен онлайн сабақтары енді.⠀
Оқыту «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының онлайн - мектебі базасында өтуде.⠀
– Кішкентай кезімнен бастап мені құрастыру идеясы қызықтырды, сондықтан Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында робототехника үйірмесіне жазылдым. Біздің жобаларымыз халықаралық аренада, Дүниежүзілік WRO роботтар олимпиадасында ұсынылады деп тіпті елестете алмадым. Жеңістер аз болған жоқ, енді мен робототехниканы оқығысы келетіндердің барлығына көмектесу үшін жаңа мақсат қойып отырмын, – дейді Даниил.⠀

Даниил Филимонов – World Robot Olympiad 2019 халықаралық кезеңінде «Open Senior» санатында үшінші орын, сондай - ақ робототехника бойынша республикалық олимпиаданың алтын медальдарының (2018, 2019), ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық жарыстың бірінші дәрежелі дипломының (2019), «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» Наурыз кездесулерінің екінші дәрежелі дипломының (2019) иегері. ⠀
Даниил өз тобымен бірге робототехника бойынша 10 - нан астам тегін онлайн курстарын, 25 сағаттық сабақтарды, 6 вебинарды әзірледі, сондай - ақ, Корнелл және Мичиган университеттерінің жүздеген қосымша материалдарын дайындады.⠀
Оқыту кез - келген дайындық деңгейі бар қатысушыларға арналған: робототехника негіздерінен бастап нейрондық желілерге дейін, практикада құралдармен жұмыс істеу үшін, тіпті оқытушыларға арналған материалдарды да қамтиды. Сондай - ақ, платформада прогресті бақылауға арналған үй тапсырмалары мен тесттер бар. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде де қолжетімді.⠀
Курс негізін қалаушы Антон Моргунов болып табылатын «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының қолдауымен құрылды. Антон – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2017 жылғы түлегі, химия пәнінен халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, бүгінде MIT (Массачусетс технологиялық институты) Химия және биология факультетінің студенті.⠀
Beyond Curriculum – математика, физика, химия, биология, география пәндерінен тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім беру платформасы.⠀
– Біздің команда «Beyond Robotics» тегін жобасының көмегімен робототехникаға қосылғысы келетіндердің барлығына мүмкіндік беруді көздейді. Қазіргі уақытта 100 - ден астам оқушы білім алуда, сен де қосыл. Роботтар әлеміне қош келдіңіздер!, – деп «Beyond Curriculum» қоғамдық қоры «Робототехника» бөлімінің басшысы Даниил Филимонов қосылуға шақырды.⠀
«Beyond Robotics» бойынша оқуды бастау үшін онлайн - мектепте тіркелу жеткілікті https://school. bc - pf. org/ және сілтемеге өтіп, каталогтан Робототехника https://robotics. bc - pf. org/ курсын қосу қажет.⠀

753
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Выпускник NIS Талдыкоргана Даниил Филимонов запустил бесплатный онлайн курс по робототехнике «Beyond Robotics»
Выпускник NIS Талдыкоргана Даниил Филимонов запустил бесплатный онлайн курс по робототехнике «Beyond Robotics»
Выпускник 2020 года Назарбаев Интеллектуальной школы города Талдыкоргана, сегодня студент Назарбаев Университета, Даниил Филимонов запустил бесплатный онлайн курс по робототехнике «Beyond Robotics». В курс вошли вебинары и онлайн - уроки от лучших
Наурыз кездесулері: Планета және пластик әрдайым NIS - тің күн тәртібінде
Наурыз кездесулері: Планета және пластик әрдайым NIS - тің күн тәртібінде
Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мерейтойлық Наурыз кездесулерін тарих деп айтуға болады. Дәстүр бойынша әрбір кездесу ғылымдағы стратегиялық басымдықтарға арналады.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады
Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты
Halyk Bank «ХАТУ» АҚ университетімен бірлесіп, Halyk Academy жобасы шеңберінде мамандандырылған ІТ-мамандарды даярлау бойынша оқу зертханалары мен оқу бағдарламаларын іске қосты
2021 жылғы 2 6 ақпан, Алматы қ. - Halyk Bank үшін жоғары технологиялық цифрлық қызметтерді дамыту басымдықты міндет болып табылады және оны жүзеге асыру үшін білікті кадрлардың болуы маңызды.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Жәңгірдің он бір досы⠀
Жәңгірдің он бір досы⠀
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері елордадағы балалар үйінің және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, гитарада ойнауға үйретіп, сыйлықтарын табыстады. ⠀
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.