Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Елордалық NIS «Қытайдың үздік студенті» атанған Жаннұр Ниязбековамен жүздесті

05 мам 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
Елордалық NIS «Қытайдың үздік студенті» атанған Жаннұр Ниязбековамен жүздесті
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары, оқушылары мен ата - аналары «Даналық бейсенбісі» жобасы аясында «Қытайдың үздік шетелдік студенті» мәртебесін алған алғашқы қазақстандық студент Ниязбекова Жаннұр Нұрділдақызымен жүздесті.
Жаннұр Ниязбекова - Қытай Халық Республикасының Солтүстік - Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті, «Профилактикалық ветеринарлық медицина» мамандығының 4 - курс PhD докторанты, 2020 жылдың желтоқсан айында Университет Президентінің стипендиясына, 2021 жылы наурыз айында «Қытайдың үздік студенті» мәртебесіне ие болған қазақ қызы.
Сұхбат барысында Жаннұр Ниязбекова өз мамандығының қыр - сыры, Қытайдағы білім беру жүйесінің ерекшеліктері, оқуға түсу жолдары, жаһандық пандемияның әсері туралы әңгімелеп берді. Кездесу кезінде «Үздік студенттің» өмірі, мансабы жайлы таныстырылып, көрермендер тарапынан сұрақтар қойылды.

2017 жылы Қытай Халық Республикасындағы Шэньси провинциясының Солтүстік - Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің грантын ұтып алдым. Қытай жоғары оқу орнына түсу үшін қытай тілін білу міндетті емес. Алғашқы жылы бізге қытай тілін таңнан кешке дейін белгілі жүйесімен оқытты. Бір жылда қытай тілін меңгеріп, қазіргі таңда университетте түрлі ғылыми іс - шараларға қатысып жүрмін. Оқуға келген жылдары пәкістандық студенттің «Үздік студент» жүлдесін алып жатқанын көрдім. Зерттей келе, бұрын - соңды ешқандай қазақстандық студенттің бұндай мәртебеге ие болмағанын білдім. Сол сәтте «Екі жылдан кейін осы жүлдені мен де аламын және оны бүкіл қазақ елі болып тойлаймыз» деген мақсат пайда болды. Байқау талаптарына сәйкес жоғары рейтінгтік көрсеткіші бар басылымдарда мақала жариялау керек болды. Бір жарым жылдық зерттеу жұмыстарым жемісті болып, ғылыми мақалам сәтті жарияланды. Сондай - ақ, қытай тілін білу деңгейін көрсететін HSK - 4 сертификаты болуға тиіс. Одан бөлек, университетішілік және халықаралық іс - шараларға, конференцияларға белсенді қатысып, Қытайдағы өмірің жайлы мақала жарық көру керек болатын. Сонымен қатар, кедейлікпен күресу және ауылдарды жандандыру мақсатындағы университеттік жобада белсенді атандым. Аталмыш іс - шараның жетістікке жетуіме үлкен септігін тигізді. Осылайша кандидатурам барлық талаптарға сай келіп, көздеген мақсатыма қол жеткіздім, - дейді Жаннұр Ниязбекова.
Аспан асты елі студенттерінің өзіне бұйыра бермейтін бұл мәртебеге Жаннұр Ниязбекова ізденімпаз, қиындыққа қаймықпайтын, еңбекқор және намысшыл мінезінің арқасында қол жеткізді. Қытайдың «Ең үздік шетелдік студентінің» айтуынша, ол «Жоқ, болмайды, қайдан білейін» сөздерін қолданбайды екен. «Өміріңді гүлдендіру де, өшіру де өз қолыңда» дегенді өмірлік қағида етіп алған Жаннұр Ниязбековамен өткен кездесу барлық көрермендердің көңілінен шығып, оң пікірлерге ие болды.

NIS столицы встретилась с Жаннур Ниязбековой, ставшей «Лучшей студенткой Китая»
В рамках проекта «Умный четверг» учителя, учащиеся и родители Назарбаев Интеллектуальной школы города Нур - Султан встретились с первой казахстанской студенткой Ниязбековой Жаннур Нурдильдакызы, получившей статус «Лучшего зарубежного студента Китая».
Жаннур Ниязбекова - докторант 4 курса PhD специальности «Профилактическая ветеринарная медицина» Северо - Западного университета сельского и лесного хозяйства Китайской Народной Республики, казашка, получившая стипендию Президента университета в декабре 2020 года и статус «Лучший студент Китая» в марте 2021 года.
В ходе беседы Жаннур Ниязбекова рассказала о тонкостях своей профессии, особенностях системы образования в Китае, способах поступления, влиянии глобальной пандемии. Во время встречи была представлена информация о жизни, карьере «Лучшего студента», а также были заданы вопросы аудитории.
В 2017 году я выиграла грант Северо - Западного университета сельского и лесного хозяйства провинции Шэньси в Китайской Народной Республике. Для поступления в китайский вуз знание китайского языка необязательно. Первый год нам преподавали китайский язык с утра до вечера. За год я освоила китайский язык, сейчас участвую в различных научных мероприятиях в университете. В годы учебы я видела, как пакистанский студент получает приз «Лучший студент». Изучая, я узнала, что никогда раньше ни один казахстанский студент не имел такого статуса. В тот момент появилась цель: «Через два года я тоже получу этот приз и отпраздную его со своими соотечественниками». В соответствии с требованиями конкурса необходимо было публиковать статьи в изданиях с высоким рейтинговым показателем. Мои полтора года исследований были плодотворными, и моя научная статья была успешно опубликована. Также должен быть сертификат HSK - 4, отражающий уровень владения китайским языком. Кроме того, необходимо было принимать активное участие во внутриуниверситетских и международных мероприятиях, конференциях, публиковать статьи о своей жизни в Китае. Кроме того, я активно участвовала в университетском проекте по борьбе с бедностью и возрождению сел. Данное мероприятие очень помогло мне добиться успеха. Таким образом, моя кандидатура соответствовала всем требованиям и я достигла своей цели, - говорит Жаннур Ниязбекова.
Жаннур Ниязбекова достигла этого статуса, который не всегда предоставляется студентам Поднебесной, благодаря своему любознательному, трудолюбивому и честолюбивому характеру. По словам «Лучшего студента Китая», она не использует слова «Нет, нельзя, откуда я знаю». Встреча с Жаннур Ниязбековой, девизом которой является «Все в твоих руках: совершенствовать или разрушить свою жизнь», была хорошо воспринята всеми зрителями и получила положительные отзывы.
926
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Талдықорғандағы NIS түлегі Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты⠀
Талдықорғандағы NIS түлегі Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты⠀
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2020 жылғы түлегі, Назарбаев Университетінің студенті Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады
National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек
National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек
NIS оқушылары, ұстаздары мен ата - аналары кезекті «Даналық бейсенбіні» әйгілі «National Geographic» журналының еліміздегі өкілдерімен жүздесуге арнады.
Кемел білім биігіне талпыну
Кемел білім биігіне талпыну
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еліміздің өткені, қазіргісі және болашағы туралы сөз болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы бізді - жастарды жаңа бел -
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.