Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Халықаралық мектептің мұғалімі Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің қатарына енді

Халықаралық мектептің мұғалімі Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің қатарына енді

22 сәуір 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
Халықаралық мектептің мұғалімі Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің қатарына енді

Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің математика пәні мұғалімі Еламан Серік «2tors. online» өзекті оқу бағдарламалары бойынша онлайн репетиторлық сервисі ұйымдастырған математика пәні мұғалімдеріне арналған «Best online teacher of maths» онлайн олимпиадасында топ жарып, Қазақстанның үздік 20 мұғалімінің қатарына енді.
2tors. online онлайн репетиторлық сервисі Қазақстанның білім беру нарығындағы басты серіктестерінің бірі BTS Education компаниясының жобасы болып табылады.


Олимпиадаға еліміздің түкпір - түкпірінен жалпы саны 928 мұғалім қатысуға өтінім түсірген. Ұстаздардың білім деңгейін онлайн тестілеу арқылы анықтауға негізделген алғашқы кезеңнен сүрінгендердің қатары көп болғанға ұқсайды. Алғашқы сынақтың нәтижелеріне сәйкес, Халықаралық мектептің математика пәні мұғалімі Еламан Серік жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның үздік 20 мұғалімі қатарынын көрінген. Бүгінде ол автоматты түрде екінші кезеңге жолдама алып, келесі кезеңге дайындық үстінде.
Осы орайда Еламан Серік дайындығы жөнінде ой бөлісіп, олимпиада турасында пікір білдірген еді:
- Онлайн олимпиада өтетіндігі жөнінде әріптесімнен білген едім. Тіркеуден өтіп, қатысып көруге бел будым. Күнделікті жұмыс қалпымнан ойымды басқа арнаға бұрып, тәжірибе жинамақ ойым болды. Тест тапсырмалары еш қиындық туғызған жоқ. Бірақ, тестілеу уақытында тапсырмаларды орындауға бір жарым сағат ғана уақыт берілді. Мен дәл сол уақытта балалармен өзіндік жұмыс орындап отырғанмын. Нәтижесінде, тестілеуді жарты сағатқа кеш бастап, кей сұрақтарды жіберіп алғаным бар. Үздік жиырма мұғалімнің тізіміне еніп, екінші кезеңге өткеніме қуаныштымын. Қазіргі уақытта дайындығымды пысықтаудамын, - дейді жас маман.
Екінші кезеңде үздік 20 мұғалім үш күн ішінде бейне сабақтың үлгісін түсіріп, ұйымдастырушыларға жіберуі тиіс. Бейне сабақтар сайтқа жарияланып, ортақ дауыс беру жүйесі және әділ қазы алқаларының бағалауы арқылы сараланатын болады.
Олимпиада қатысушыларына әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтаушы қазылар алқасының қатарында BTS Education компаниясының басшысы, қоғам белсендісі Саясат Нұрбек, IT кәсіпкер Арман Сүлейменов және білім беру саласындағы өзге де тәжірибелі мамандар бар.
Біз де өз тарапымыздан Халықаралық мектептің математика пәні мұғалімі Еламан Серікке шын мықтылар бас қосқан білім бәйгесінде сәттілік тілейміз! Екінші кезеңнен оқ богйы оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.
Естеріңізге сала кетсек, Еламан Серік Нұр - Сұлтан қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, еліміздегі ең үздік оқу орны Назарбаев Университетінің түлегі.

Сандуғаш Кожина,
"Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп" "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы
246
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Әлеуметтік жобалар: идеядан жүзеге асыруға дейін
Жуырда Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте 8 сынып оқушыларының әлеуметтік жобалар конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға 22 оқушыдан құрылған 8 топ пен 8 супервайзер қатысты, - деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)