Қазақстан
жаңалықтары.
» » Қазақстанда информатика 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

Қазақстанда информатика 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

21 қараша 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
Қазақстанда информатика пәні 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Форумның цифрлық экономиканы дамытудың жаһандық трендтері талқыланған жалпы отырысында Эстония Премьер-Министрі Юри Ратас өз елінде робототехника 1 сыныптан бастап балаларға оқытылатындығын атап өтті.
«Меніңше, білім беру бұл инновацияның барынша маңызды элементі саналады. Мәселен, Эстонияда біздің балаларымыз бірінші сыныптан бастап робототехниканы оқиды. Бұл өте танымал пән», - деді Юри Ратас.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Эстонияның мұндай тәжірибесіне қызығушылық танытты.
«Эстонияда бірінші сыныптан бастап робототехниканы оқытуы өте керемет. Біз информатиканы 7 сыныптан бастап оқыттық. Барлық уақытта 7 сынып оқушысы оқытушысынан көп білетіндігін айтып келемін. Біз бағдарламаны өзгерттік және бүгінде информатика үшінші сыныптан оқытылады. Қазір Эстония Премьер-Министрінің сөзінен кейін бізде ойланатын боламыз, 3-інші сынып та кештеу сияқты», - деді ҚР Үкімет басшысы.
193
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Алматылық мұғалімдер ағылшын тілін үйреніп жатыр
Алматылық мұғалімдер ағылшын тілін үйреніп жатыр
Алматылық педагогтар жаңартылған білім мазмұнына сәйкес болу үшін біліктілігін көтеріп жатыр.  Мұғалімдердің біліктілігіне қатысты мәселелерді  бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлттық орталығы АҚ Алматы
Ұлттық банк доңыз бейнесі басылған монеталарды шығарды
Ұлттық банк доңыз бейнесі басылған монеталарды шығарды
Ұлттық банк 19 қарашада номиналы 500 теңгелік “Шығыс күнтізбесі” монеталар сериясынан “Доңыз жылы” атты алтын және күміс ескерткіш монеталарын және “Дала қазынасы” монеталар сериясынан “Шаршы” коллекциялық монеталарын айналысқа шығарды. Бұл туралы
Қырымдағы Керчьте атыс пен жарылыс болды
Қырымдағы Керчьте атыс пен жарылыс болды
Қырымдағы Керчьте атыс пен жарылыс салдарынан қаза тапқандардың аты-жөні анықталды. Бұл туралы Ресей ақпарат құралдары қала әкімшілігінің басшысы Дилявер Мельгазиевке сілтеме жасап хабарлады.
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
1 қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді?
1 қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Банк саласы, кәсіпкерлік және денсаулық сақтау жүйесінде өзгерістер болады. Қазақстандықтарды теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі, тұмауға қарсы екпе бойынша өзгерістер күтіп тұр, ал кәсіпкерлер кассалық аппараттарды ауыстыруға мәжбүр
Пікірлер (0)
код көрінбесе қайта басыңыз