Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47
» » 2019-2020 оқу жылдары гранттар тізімі жарияланды

2019-2020 оқу жылдары гранттар тізімі жарияланды

01 тамыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Білім

Білім гранттарын тағайындау процесі ақпараттық жүйенің көмегімен іске асырылды. Республикалық байқау комиссиясының құрамына мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының, ректорлар кеңесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, “Жас Отан” жастар қанатының, Студенттер альянсының, үкіметтік емес ұйымдардың, ADAL BILIM жоба кеңсесінің өкілдері кірді.
2019-2020 оқу жылына білім беру гранттары білім беру бағдарламалары тобы бойынша тағайындалды. ЖОО-ға қабылдау кезінде талапкер нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бұл оқу жылына 53 785 грант бөлінді. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 47%-тен астамы инженерия, өңдеу және құрылыс, IT салаларына, 8 276 грант педагогика ғылымдарына, 4 088 грант жаратылыстану ғылымдарына, математика мен статистикаға, 2 200 грант қызмет көрсету мамандықтарына, 1 615 грант өнер және гуманитария ғылымдарына, 2 435 грант ауыл шаруашылығы ғылымдары мен ветеринарияға, 2 183 грант әлеуметтік ғылымдарға, бизнес пен экономика салаларына бөлініп отыр.
Колледж бітіргендер үшін олардың бейіні бойынша 3 040 грант бөлінді. Жекелеген категориялар үшін квоталар қарастырылған (жетім балалар, мүгедектер, ауыл жастары, қазақ диаспорасы және тағы басқа).

Негізгі гранттар 2019-2020 оқу жылдары гранттар тізімі
Университеттер гранттары 2019-2020 оқу жылы гранттар тізімі
ЖОО тізімі 2019-2020 оқу жылы

185
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Бизнес - идеялар
Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
Адам танығың келсе – сөйлес!
Адам танығың келсе – сөйлес!
Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі. Әр адамның деңгейі әр түрлі. Ежелгі заманда Сократтың өзі «Мен сені танысын десең, әңгіме айт» дейтін көрінеді.
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда мақұлданды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
Пікірлер (0)