Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады

22 желтоқсан 2020, Сейсенбі
Категориясы: Білім
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында балаларға игілікті және достас орта құруға арналған ЮНИСЕФ - пен бірлестіктегі жоба өз мәресіне жетті. Мектептердегі зорлық - зомблықтың алдын - алу бойынша стандартты операциялық шараларды әзірлеу аяқталды. Бұл еліміздегі балаларға қатысты зорлық - зомбылықтың барлық формаларына жедел ден қою мен алдын - алудың бірыңғай саясатын реттеуші құжат. Жоба Назарбаев Зияткерлік мектептерінің халықаралық аккредиттеуге сәйкес келетін нормативті - құқықтық құжаттарды әзірлеудегі тәжірибесі негізінде жүзеге асырылды.

Стандартты операциялық шаралар жұмыс тобының қорытынды үйлестіру жиынында таныстырылды.
– Алғашқы кездесуде Қазақстан Республикасындағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілі Артур ван Дизен мен Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі өкіл Аружан Саин жаңа құжатты әзірлеудегі басты қағидаттарды қолдаған болатын. Жобалау тобы балаларға қауіпсіз және игілікті орта құруда екінші кезектегі сұрақтар жоқ екендігіне сенім білдірді, – дейді «Назарабаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева.
– Жаңа құжатты әзірлеудегі басым бағыттар балаларға қатысты зорлық - зомбылыққа бірден ден қою емес, оның алдын алу, – дейді Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірленетін барлық жобаларының үйлестірушісі, оқушылардың игілігін қамтамасыз ету департаментінің директоры Динара Уалкенова.
Стандартты шараларды педагогтердің, психологтардың, ата - аналардың, білім, денсаулық сақтау және ішкі істер министрлігі өкілдерінің, барлық қызығушылық танытқан құрылымдардың әрекетіне жетекшілік деп тануға болады.
– Балаларға қатыгездік танытудың жіктемесі құрылып, себептері мен факторлары, белгілері санамаланды, әлеуетті қауіп - қатерлері талданып, жекелеген және топтық диагностикалау құралдары ұсынылды, жауаптылық тәсілдері мен бақылау индикаторлары сараланды, оңалту алгоритмдері айтылды, – деп жобаның ұлттық сарапшысы, оқушылардың игілігін қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Күләш Салимбаева пікір білдірді.

Жұмыс тобы балаларға қатысты зорлық - зомблыққа ден қою мен алдын - алу бойынша стандартты операциялық шараларды елордадағы №24 мектептің базасында тексеруден өткізді. Тестілеудің дизайнын, әдістемесі мен нәтижелерін жобаның бағдарламалық сарапшысы Жанат Алтаев пен білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитация департаментінің аға менеджері Данара Абильденова таныстырды:
– Жобалау тобымен 150 - ден аса адамға, оның ішінде мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне, ата - аналардың көп бөлігіне оқыту жүргізілді. Бақылау мәліметтері зорлық - зомбылықтың белгілерінен хабардар болу, жауапкершілікті ұғыну мен әлеуетті ден қою секілді басым көрсеткіштерде индикаторлардың өзгеріске ұшырағанын растады.
Құжат авторлары қашықтан режимі аяқталған соң тексеруден өткізу ауқымын кеңейтуді және Стандартты шаралардың жыл сайынғы аудитін өткізуді ұсынды.
Жиынға қатысушылар, сондай - ақ, республиканың жалпы білім беретін мектептеріне білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитация департаменті директорының орынбасары Индира Исмаилова ұсынған жаңа саясатты енгізу стратегиясын талқылады.
Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі Татьяна Адерихина елде балаларға игілікті және достас орта құрудағы NIS жобалау тобының айрықша қызығушылығы мен кәсібилігін жоғары бағалады.
Балаларға қатысты зорлық - зомбылыққа жедел ден қою мен алдын - алудың стандартты операциялық шараларын реттеуші жаңа құжат Назарбаев Зияткерлік мектептерінің авторлық ұжымымен ЮНИСЕФ - тің Қазақстандағы кеңсесіне жолданады.
1 005
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
В Назарбаев Интеллектуальных школах завершен совместный с ЮНИСЕФ проект по благополучию детей
В Назарбаев Интеллектуальных школах завершен совместный с ЮНИСЕФ проект по благополучию детей
В автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» завершен совместный с ЮНИСЕФ проект, посвященный созданию благоприятной и дружественной для ребенка среды. Завершена разработка Стандартных операционных процедур по профилактике
NIS көшбасшылары проактивті VS реактивті ойлауды таңдайды
NIS көшбасшылары проактивті VS реактивті ойлауды таңдайды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзін - өзі басқару ұйымдарының «NIS оқушыларының проактивті ойлауы VS реактивті ойлауы» тақырыбындағы сегізінші көшбасшылар форумы өз мәресіне жетті.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.