Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Жаңа оқу жылында мұғалімдер қалай аттестациядан өтеді?

Жаңа оқу жылында мұғалімдер қалай аттестациядан өтеді?

16 қыркүйек 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Білім
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді аттестациялау жүйесінің қалай өзгергенін түсіндірді. Бұл жүйенің кейбір тұстарын жетілдіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінде республика бойынша барлық мектепте 289 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді. Ал білімнің сапасы олардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Сондықтан министрлік мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеруге арналған шараларды жүргізіп келеді.
"Мәселен, жоғары және бірінші категорияны алған мұғалімдердің саны он екі мыңға артты. Қазіргі кезде олардың үлесі 54, 5 процентті құрап отыр. Былтыр педагогтарды аттестациялаудың жаңа жүйесі енгізілген болатын. Оны бәріңіз жақсы білесіздер. Әрине, бұл жүйенің кейбір тұстарын әлі де жақсарту қажет. Білім министрлігі осы мәселелермен міндетті түрде айналысатын болады", - деді Аймағамбетов есеп беру кездесуінде.
Оның сөзіне қарағанда, мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа жүйесі негізінде алпыс алты мыңнан астам педагог ұлттық біліктілік тестін тапсырды. Соның нәтижесінде 30 - 50 проценттік үстемақыны алып отыр. Министр ескі және жаңа жүйенің айырмашылығын да түсіндірді.
"Аттестацияның бұрынғы жүйесін ата - аналар жиі сынап отыратын. Себебі ол кезде мұғалімдер жай портфолиосын ғана тапсырды. Сөйтіп, олардың қағазбен тапсырылған жетістіктеріне баға беріліп келген. Осыдан кейін министрлік педагогтың нақты тәжірибесін бағалау жөніндегі шешім қабылдады. Сондай - ақ, алғаш рет нақты пән және педагогика бойынша тест енгізілді ", - дейді Аймағамбетов.
Енді мұғалім алдымен өз пәні бойынша, сосын педагогикадан тест тапсырады. Бұдан кейін оның жетістіктеріне қарайды.
1 351
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Что изменится в школах с 1 сентября
Что изменится в школах с 1 сентября
Учителям вдвое повысят зарплату Правда, это произойдет не сразу, а в течение четырех лет. Власти намерены повысить заработную плату для привлечения в систему образования квалифицированных кадров и повышения статуса педагога в обществе.
Бизнес - идеялар
Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда мақұлданды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
Пікірлер (0)