Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Мектептерді бес күндік оқу аптасына көшіру мәселесі қалай шешіледі?

Мектептерді бес күндік оқу аптасына көшіру мәселесі қалай шешіледі?

16 қыркүйек 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Білім
Вице - министр мұғалімдерді мазалап отырған мәселенің қашан шешілетінін айтты
Қазақстандағы мектептерді бес күндік оқу аптасына көшіру мәселесі жыл соңына дейін шешіледі. Бұл туралы білім және ғылым вице - министрі Фатима Жақыпова айтты. деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір мұғалімдер қауымын мазалап отырған үлкен мәселе – бұл бес күндік жұмыс аптасы. БАҚ беттерінен Асхат Қанатұлының  бұған қатысты айтқанын оқыдыңыздар. Әр мектеп педагогтар кеңесінде бұл мәселені талқылап, өздерінің типтік оқу жоспарларына қарай бес күндік оқу аптасына көше алады. Білім және ғылым министрлігі мектептерге осыны ұсынып отыр", - деді вице - министр елордада өткен тамыз конференциясында.
Айтуынша, егер мектеп бес күндік оқу аптасына ауысса, мұғалім сенбі күнді өз қалауына қарай өткізуге құқылы.
"Мұғалімдер ол күнді үйде, балаларының қасында өткізе алады. Бірақ, мектеп әкімшілігі айына бір рет педагогикалық кеңесті шақырып, не болмаса тағы басқа шаралар ұйымдастыруы мүмкін. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасына қатысты мәселе биыл түпкілікті шешіледі деген ойдамыз", - деді Жақыпова.
Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен тамыз конференциясында білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептерге бес күндік оқу аптасына көшуді ұсынған болатын. Қазір кейбір өңірлерде мұғалімдер аптасына бес күн ғана істейді. Бірақ, сенбі күні де мектепке шақырылатын көрінеді.
755
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Что изменится в школах с 1 сентября
Что изменится в школах с 1 сентября
Учителям вдвое повысят зарплату Правда, это произойдет не сразу, а в течение четырех лет. Власти намерены повысить заработную плату для привлечения в систему образования квалифицированных кадров и повышения статуса педагога в обществе.
Бизнес - идеялар
Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
Адам танығың келсе – сөйлес!
Адам танығың келсе – сөйлес!
Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі. Әр адамның деңгейі әр түрлі. Ежелгі заманда Сократтың өзі «Мен сені танысын десең, әңгіме айт» дейтін көрінеді.
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
Пікірлер (0)