Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » NIS робототехниктерінің WRO - дағы табысы

NIS робототехниктерінің WRO - дағы табысы

13 қараша 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
NIS робототехниктерінің WRO - дағы табысы
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас робототехниктер командасы Венгрияның Дьорынан табысты оралды. Белгілі жаттықтырушы Николай Авдюниннің жетекшілігіндегі олар WRO чемпионатының (World Robot Olympiad – Робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиада) үздік үштігіне еніп, елге қола медаль алып келді.

NIS құрама командасы «Ақылды білім» секциясында математика мен бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін, әліпбиді үйренуге көмектесетін, көру және есту қабілеті нашар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімі «Ziggurat» роботын таныстырды.
– Жобаның идеясы Талдықорған Зияткерлік мектебінен Даниил Филимоновке тиесілі, онымен бірге Алматыдағы физика - математикалық бағыттағы Зияткерлік мектеп оқушысы Любовь Дудченко және Талдықорғандағы NEXTROBOT орталығынан Элина Пак жұмыс істеді. Ал оларға робототехникадан Алматы облысы құрама командасының жаттықтырушысы Николай Авдюнин жетекшілік етті. Финалда біздің балалар әлемнің 73 елінен 400 - ден астам командамен кездесті, – дейді бүгінгі күннің қаһармандарын атаған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Азамат Биданов.
Николай Авдюнин – еліміздегі робототехника саласындағы ең танымал жаттықтырушылардың бірі, Талдықорғандағы НЗМ - де ашылған сәттен бастап жұмыс істейді. Венгриядағы жетістік – бұл Николайдың оқушыларының WRO – дағы үшінші жеңісі. Бұған дейін Сочиден қола және Нью - Делиден алтын медаль алып келген болатын.
– Қазір әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, терең және жылдам өзгерістер кезеңіне қадам басты: технологиялық, экономикалық және әлеуметтік. Жыл сайын біз оқушыларымыздың әлеуетін дамыту үшін жобалар жасаймыз, осылайша ақпараттық өндірісті жетілдіруге тырысамыз, ақпараттық өндіріс негізінде ел экономикасы жаңа деңгейге көтеріле алады, – деп атап өтті Николай Авдюнин.
Венгрияның Дьор қаласында өткен WRO – 2019 «Ақылды қалалар» тақырыбына арналды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы – 2014 жылдан бастап Бүкіләлемдік робототехника олимпиадасының ұлттық үйлестірушісі.
NIS - тің тағы үш – Көкшетау, Орал, елордадағы физика - математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептер командасы Бүкіләлемдік олимпиаданың үздік ондығына кірді.
697
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Изменения для ИП в 2020 году
Изменения для ИП в 2020 году
С 1 января 2020 года вступают в силу отложенные с 2018 года нормы Налогового кодекса в части изменения требования по применению индивидуальными предпринимателями специального налогового режима на основе патента.
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Мұғалімдер критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы дұрыс екенін түсінеді және ол дамыған елдердің бағалау жүйесінің талаптарымен салыстырылатын бағалаудың жаңа стандарттары мен механизмдерін қамтамасыз етті.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
Что изменится в школах с 1 сентября
Что изменится в школах с 1 сентября
Учителям вдвое повысят зарплату Правда, это произойдет не сразу, а в течение четырех лет. Власти намерены повысить заработную плату для привлечения в систему образования квалифицированных кадров и повышения статуса педагога в обществе.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)