Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды

Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды

30 желтоқсан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Білім
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды.
"Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы сондай - ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.
Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов заңда материалдық ынталандырудың бірнеше тетігі қарастырылғанын атап өтті. Мәселен, дәптерді тексергені үшін қосымша ақылар екі есеге артады. Тәлімгерлік үшін бір базалық жалақы немесе 17 500 теңге ай сайын төленеді.
"Педагогикалық шеберлік үшін барлық мұғалімге 30 - 50 процент арасында қосымша ақы қарастырылған. Тағы бір маңызды мәселе, біраз жылдан бері колледж мұғалімдері, қосымша білім беру мен балабақша мұғалімдері категория бойынша ақы алмаған. Енді, осы мәселе де қарастырылды. Аттестация бойынша қосымша ақылар төленеді", - деді Аймағамбетов сенаттың пленарлық отырысында.

Сондай - ақ, жергілікті атқарушы орган 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде педагогтерге қосымша ақы төлеуге құқылы.
Бұдан бөлек, мұғалімдердің этика мәселелеріне баса назар аударылады. Ол үшін әрбір білім беру мекемесінде әдеп кеңестері жұмыс істейді.
"Ал материалды емес ынталандыру тетіктері аясында мұғалімдердің балаларына балабақшаға бірінші кезекте орын беру нормасы қарастырылып отыр. Барлық педагог алдағы уақытта 56 күндік демалысқа шыға бастайды. Сондай - ақ, білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін ер азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру нормасы кеңейтілді", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.
561
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Изменения для ИП в 2020 году
Изменения для ИП в 2020 году
С 1 января 2020 года вступают в силу отложенные с 2018 года нормы Налогового кодекса в части изменения требования по применению индивидуальными предпринимателями специального налогового режима на основе патента.
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Мұғалімдер критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы дұрыс екенін түсінеді және ол дамыған елдердің бағалау жүйесінің талаптарымен салыстырылатын бағалаудың жаңа стандарттары мен механизмдерін қамтамасыз етті.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)