Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды

09 наурыз 2021, Сейсенбі
Категориясы: Қоғам
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен оқу орнының базасында Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған.
-Covid-19 жаһандық пандемиясы біздің бір-бірімізбен қалай жұмыс істейтінімізді және өзара әрекеттесетінімізді өзгертті. Әлемдік көшбасшылар мен саясаткерлер қоғамдық денсаулық сақтаудың маңыздылығын және оның қоғам өмірінің барлық салаларына, соның ішінде бизнес, экономика, білім, туризм және т.б. аспектілерге тигізетін әсерін түсіне бастады. Бұдан былай барлық компаниялар мен кәсіпорындар үшін денсаулық сақтау саласында тиісті тәжірибе мен білімнің жеткілікті болуы, сондай-ақ қызметкерлердің, тұтынушылардың және жалпы азаматтардың денсаулығын қорғаудың инновациялық әдістерін және алдын-алу стратегияларын жасай алатын денсаулық сақтау және гигиена саласындағы тәжірибесі бар мамандарды жалдау өте маңызды болып табылады. Осы маңызды міндетті шешу үшін біз SDU денсаулық, саясат және басқару орталығын іске қосамыз, - деп мәлімдеді университет басшысы орталықтың салтанатты ашылуында.              
Қуаныш Ерғалиевтің пікірінше, орталықтың алдында қазақстандық денсаулық сақтау секторының басқарушыларына білім деңгейін арттыруға және ғылыми-сараптамалық шешімдер ұсынуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру бойынша ауқымды міндет тұр. Орталықтың жұмысына ғылыми қайраткерлер, сарапшылар, медициналық мекемелердің топ менеджерлері, сондай-ақ көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби дәрігерлер тартылған. Орталық үш бағытта жұмыс істейді: оқыту және тренингтер, ғылыми зерттеулер жүргізу және қоғамдық денсаулық сақтау мен халыққа медициналық көмек көрсету саласында инновациялар мен технологияларды нығайтуға әрі ілгерілетуге бағытталған кеңес көрсету қызметтері.
- Біздің орталықтың есігі еліміздің денсаулығы мен қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтын барлық азаматтар үшін ашық екенін атап өткім келеді. Біз бейінді ведомстволардың, барлық саланың орталық мемлекеттік органдарының өкілдерімен, кәсіпкерлермен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, БАҚ және басқа да мүдделі тұлғалармен стратегиялық серіктестікке ашықпыз, - деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.   
Естеріңізге сала кетейік, Гарвардтық Т. Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің тарихында Қазақстанның атынан аталмыш мектепте білім алып  және қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін қорғаған жалғыз студент болып табылады. "Болашақ" президенттік стипендиясының иегері, бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы және АҚШ-тың Бостон қаласында қазақ диаспорасының мәдени орталығын құрған қоғам қайраткері. 
2 096
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Қазақстандық суретші Ғани Көбейдің туындылары СДУ - ға тарту етілді
Қазақстандық суретші Ғани Көбейдің туындылары СДУ - ға тарту етілді
Қазақстандық жас суретші Ғани Көбей Сулейман Демирель атындағы университеттің коллекциясына авторлық суреттер топтамасын сыйға тартты. 150 - ге тарта өнер туындыларының авторы, 26 жастағы қылқалам шебері әлемдегі ең жұмбақ тұлға – бет - әлпетіне
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында балаларға игілікті және достас орта құруға арналған ЮНИСЕФ - пен бірлестіктегі жоба өз мәресіне жетті. Мектептердегі зорлық - зомблықтың алдын - алу бойынша стандартты операциялық
СДУ мен Erasmus+серіктестігі аясында инновациялық IT-зертхана іске қосылды
СДУ мен Erasmus+серіктестігі аясында инновациялық IT-зертхана іске қосылды
Сулейман Демирел атындағы университеттің "Инженерия және жаратылыстану ғылымдары" факультетінің базасында магистранттарға, докторанттарға және жас зерттеушілерге бағытталған ACESYRI (Advanced Centre for PhD Students and Young Researchers in
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.