Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

NIS қоржынында «Елбасы медалі»

19 наурыз 2021, Жұма
Категориясы: Білім
NIS қоржынында «Елбасы медалі»
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 - сынып оқушысы Камила Шайпранова «Елбасы медалінің» иегері атанды.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Бағдарлама туралы кураторы Нұратаева Iңкəр Мирхатқызынан естіген Камила Шайпранова да алты ай бойы жоба тапсырмаларын орындап келді. Жас ерекшелігіне байланысты таңдалған «Қола» деңгейі келесі бағыттарды қамтиды: «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Еріктілік», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра» және «Туристік саяхаттар».
«Спорт және дене шынықтыру» бағыты бойынша Камила әр таң сайын фитнес және йогамен айналысты. Камиланың айтуынша, спортпен шұғылдану оған жігерлі болуға және рухын көтеруіне үлкен көмегін тигізді.
Әр апта сайын кондитерлік тағамдар әзірлеген Камила Шайпранова, «Дарын мен дағды» бағыты бойынша аспаздық дағдыларын дамыта алды. Енді ол отбасы мүшелерін күнде тәтті тағамдармен қуантатын болады.
Үш ай бойы аптасына екі рет ол құрбысына тегін сабақ беріп, оның ағылшын тілі деңгейін жоғарылатуға септігін тигізді. Еріктілік танытып, көмек қолын созған Камилаға құрбысының айтар алғысы мол.
Бағдарлама аясында жас зияткер әлем және қазақ әдебиетінің, тұлғалық өсу және өзін - өзі дамыту кітаптарын оқып шықты. «Ұлттық мұра» бағыты бойынша Камиланың таңдауы Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романы мен Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи эпопеясын оқуға түсті.
  • Біз өзіміздің шығармашылық шеберлігімізді дамыттық, қазақ мәдениеті туралы білдік, волонтерлікпен айналыстық. Бұл бізді отансүйгіштікке баулиды. Қазір мен осындай сынақтан өткенім үшін өзімді мақтан тұтамын. Мен үшін бұл жоба уақытты тиімді пайдалануға және оқуды басқа іс - шаралармен үйлестіруге көмектесті, сонымен қатар, жоба аяқталғаннан кейін мен апта сайын спортпен шұғылдану және кітап оқу сияқты жаңа әдеттерге ие болдым. Әйтеуір өз медалімді алдым. Отбасым, жақындарым мені мақтан тұтады. Күміс, алтын деңгейлі медалін алу үшін ары қарай жұмыстануды жалғастырғым келеді, - дейді Камила Шайпранова.
Бұл күндері Қазақстанның барлық өңірінде қола деңгейіне қатысушыларды «Елбасы медалімен» марапаттауға арналған салтанатты іс - шаралар өтуде. Нұр - Сұлтан қаласында 165 қатысушы жоба жеңімпазы атанды. 6 ай бойы өзін - өзі дамытып, кітап оқып, ерікті атанып, спортпен шұғылданған жастарды марапаттау Оқушылар сарайында өтті.


«Медаль Елбасы» в копилке NIS
Ученица 8 класса Назарбаев Интеллектуальной школы города Нур - Султан Камила Шайпранова стала обладательницей «медали Елбасы».
«Медаль Елбасы» - единственная программа на национальном уровне, направленная на комплексное развитие молодежи. Программа рассчитана на молодежь от 14 до 29 лет.
Камила Шайпранова, узнав о программе от своего куратора Нуратаевой Инкар Мирхатовны, в течение шести месяцев выполняла задания проекта. «Бронзовый» уровень, выбранный в зависимости от ее возраста, включает следующие направления: «Спорт и физическое развитие», «Таланты и навыки», «Волонтерство», «Чтение книг», «Национальное наследие» и «Туристические походы».
По направлению «Спорт и физическое развитие» Камила каждое утро занималась фитнесом и йогой. По словам Камилы, занятия спортом помогли ей стать более энергичной и сильной духом.
Камила Шайпранова, которая каждую неделю готовила кондитерские изделия, смогла развить кулинарные навыки по направлению «Таланты и навыки». Теперь она будет радовать членов семьи сладкими угощениями каждый день.
Два раза в неделю в течение трех месяцев она бесплатно обучала свою подругу, что способствовало повышению ее уровня английского языка. Ее подруга выражает огромную благодарность Камиле, которая проявила волонтерство и протянула руку помощи.
В рамках программы юный интеллектуал прочитал книги мировой и казахской литературы, книги по личностному росту и саморазвитию. По направлению «Национальное наследие» выбор Камилы пал на роман Габита Мусрепова «Улпан ее имя» и историческую эпопею Ильяса Есенберлина «Кочевники».
- Мы развили свое творческое мастерство, узнали о казахской культуре, занимались волонтерством. Это прививает нам патриотизм. Сейчас я горжусь собой за то, что прошла такое испытание. Для меня этот проект помог мне эффективно использовать свое время и сочетать чтение с другими видами деятельности, кроме того, после завершения проекта я приобрела новые привычки, такие как занятия спортом и чтение книг каждую неделю. Наконец - то получила свою медаль. Моя семья, мои близкие гордятся мной. Хочу продолжить работу над получением медали серебряного, золотого уровня, - говорит Камила Шайпранова.
В эти дни во всех регионах Казахстана проходят торжественные мероприятия, посвященные награждению участников бронзового уровня «медалью Елбасы». В Нур - Султане победителями проекта стали 165 участников. Награждение молодых людей, которые в течение 6 месяцев развивались, читали книги, становились волонтерами и занимались спортом, состоялось во Дворце школьников.
2 305
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр - сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады.
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10В сынып оқушысы Абилова Аружан Қазақстан ұлттық телеарнасының «Жүзден жүйрік» бағдарламасына қатысып, жеңiмпаз атанды.
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
«Ұлы дала мұрагерлері» Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонынан бастау алады. NIS - тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалатын
«Ұлы дала мұрагерлері» учатся в Назарбаев Интеллектуальных школах
«Ұлы дала мұрагерлері» учатся в Назарбаев Интеллектуальных школах
День Первого Президента в Назарбаев Интеллектуальных школах начнется с традиционного домбрового марафона «Ұлы дала мұрагерлері». На всех YouTube каналах NIS прозвучат знаменитые кюи Курмангазы, Даулеткерея, Нургисы Тлендиева.⠀
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.