Қазақстан
жаңалықтары.
» » 2019 жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы 35 пайызға өседі

2019 жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы 35 пайызға өседі

08 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Экономика
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы мөлшері 1,5 есе өседі. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы мөлшерін 1,5 есе, 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әр қазақстандық үшін үлкен көмек болады. Бұл түрлі салада жұмыс істейтін, барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда еңбек ететін 1 миллион 300 мың адамның жалақысын тікелей өсіреді. Сондай-ақ, 275 мың бюджеттік ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы өседі. Олардың жалақысы орташа алғанда 35 пайызға көтеріледі. Бюджеттік дегеніміз - олар ұстаздар, дәрігерлер, құқық қорғау органдары, қорғаныс қызметкерлері және тағы басқа. Бұл мақсатқа 2019-2020 жылдарға жыл сайын 96 млрд теңгеден бөлу керек. Мен Парламент бұны бюджетті қарастыру кезінде ескереді деп ойлаймын», - деді Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев.
79
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
1 қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді?
1 қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Банк саласы, кәсіпкерлік және денсаулық сақтау жүйесінде өзгерістер болады. Қазақстандықтарды теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі, тұмауға қарсы екпе бойынша өзгерістер күтіп тұр, ал кәсіпкерлер кассалық аппараттарды ауыстыруға мәжбүр
Қазақстанда 10 миллионнан астам электрондық денсаулық паспорты жасалды.
Қазақстанда 10 миллионнан астам электрондық денсаулық паспорты жасалды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішевтің мәліметінше, қазіргі уақытта республика бойынша 10 миллионнан астам денсаулық паспорты жасалды.
Төреғали Төреәлінің Тәуекелді төбелеске шақырғаны рас па?
Төреғали Төреәлінің Тәуекелді төбелеске шақырғаны рас па?
Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі шоу - бизнестің жарқын жұлдызы Тәуекелмен төбелесуден қашпайтынын айтты. "Қызық Times" бағдарламасына арнайы қонақ болып барған әнші жүргізушілердің тосыннан қойған сұрақтарына жауап беріп, көпті күлкіге қарық
Түркия президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қалай қарсы алды?
Түркия президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қалай қарсы алды?
Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда ресми іс - сапармен жүргеніне екі күн болды. Жыл басында Елбасын Реджеп Ердоған Түркияға арнайы шақырған еді.
Пікірлер (0)
код көрінбесе қайта басыңыз