Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»

30 қыркүйек 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»   тақырыбында  on-line семинар-практикум өткізілді.
Іс-шара ББЖ ҚБАРИ  жұмысының 2020 жылға арналған жедел жұмыс жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырылды.
          Оn-line семинар-практикум мақсаты ғалымдар мен педагогтардың және мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының кәсіби диалогына жағдай жасау, балаларды ерте жастан дамытуды  іске асыру бойынша тәжірибе алмасу болып белгіленді.
         Семинар жұмысын ф-м.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ директорының инновациялық білім бойынша орынбасары Н.О.Қойлық құттықтау сөз сөйлеп ашты.
          Семинар-практикумды п.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі Маханбетова А.А.  мен кафедраның курстан кейінгі қолдау және инновацияны дамыту зертханасының меңгерушісі Биомарова Г.А. жүргізді.
          Семинар-практикум барысында п.ғ.к., «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының меңгерушісі А.А.Маханбетова, ББЖ ҚБАРИ «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы К.К.Турдахунова, п.ғ.д., ҚазҰлтҚызПУ профессоры С.Н.ЖиенбаеваАбай атындағы ҚазҰПУ Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік  педагогика  кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Ұ.Қ.Қыяқбаева,  Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының доценті, п.ғ.к. У.Б.Толешова, Абай атындағы КазҰПУ аға оқытушылары 3 курс PhD докторанты С.Ж.Еркебаева және п.ғ.м. Б.Аувакир, сондай-ақ республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары баяндама жасап, өз тәжірибелерін ортаға салды.
Оn-line семинар-практикумға 100-ден астам білім беру қызметкерлері, атап айтқанда, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының оқытушылары, облыстық, қалалық білім басқармаларының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары қатысты.
          Іс-шара мектепке дейінгі ұйымда балаларды ерте жастан дамытуды басқарудағы инновациялық тәсілдер, 1 мен 3 жас аралығындағы балаларда әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдысын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша онлайн режимінде диалог алаңына айналды.
          Республикалық онлайн семинар-практикум қорытындысы бойынша ұсыныстар талқыланып,  қабылданды.
#Өрлеу#ББЖҚБАРИ#РИПКСО #Біліктілікарттыру #Повышенияквалификации #семинар_практикум  #онлайн
1 829
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
2020 жылдың 30 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман»
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
9 - 13 қараша аралығында Сулейман Демирель университетінің оқытушылар тобы СДУ - 2020 “Цифрлық білім беру: “i - Мұғалім”моделі” 36 сағаттық онлайн семинар - тренингін өткізеді.
«Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум
«Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум
2020 жылдың 30 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман» тақырыбында Республикалық форум (on - line) өткізеді.
«Повышение квалификации руководителей дошкольных организаций: опыт организации раннего развития детей»
«Повышение квалификации руководителей дошкольных организаций: опыт организации раннего развития детей»
30 сентября 2020 года кафедрой «Психолого-педагогического сопровождения образовательного процесса» ФАО «НЦПК «Өрлеу» Республиканского института повышения квалификации руководящих и научно-педагогических работников системы образования Республики
Сандық білім ресурстары – қашықтықтан оқытуда
Сандық білім ресурстары – қашықтықтан оқытуда
«Өрлеу»БАҰО» АҚ Республика бойынша 5 000 сандық білім беру ресурсын жасақтап, «Өрлеу» білім беру каналына жүктеді. Бұл жұмыстарды әр пән бойынша барлық облыстық филиалдар бөліп алды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.