Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар

04 қазан 2020, Жексенбі
Категориясы: Білім
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды. Қыргүйек бойы NIS - тің әлеуметтік желілердегі барлық ресми парақшалары мен сайттарында басты кейіпкерлерге айналаған мұғалімдердің құрметіне әсерлі де жүрекжарды роликтер жарияланды.
Әрбір дана ұстаздың кеше дара шәкірт болғаны аян және олардың бірқатары ең ардақты және мәртебелі мамандыққа деген таңдауларын бала күндерінде жасап үлгерген. Өмірлік ұстанымдармен жазылған фотосуреттер NIS мұғалімдерінің мамандықтары мен таңдаулары үйлесім тапқандығын дәлелдейді.

«Әділетті, шынайы, ашық - жарқын болу, өз мамандығына шын жүрекпен берілу – осының барлығы нағыз ұстаздың даналығын құрайды, - дейді Шымкент қаласындағы физика - математика бағытындағы мектептің модератор - мұғалімі Ақмарал Ермекбаева. Ақтаудағы NIS - тің модератор - мұғалімі Лизаветта Хамитова, кәсіби жетістік қол жеткізген нәтижелерге тоқтамаудан басталатынына сенімді.
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің модератор - мұғалімі Александр Шерцер, егер Сіз еңбекті сәтті таңдап, оған жаныңызды салсаңыз, бақыт Сізді өзі іздеп табатынына зор сеніммен қарайды.
Алтын ұя мектептерінің көрінісіндегі суреттер: сыныптағы, тақта алдындағы және ең бастысы шәкірттерімен шабыттанған кейіпкерлер – кез - келген сөзден дәлелді.
Көптеген отбасыларда іздеу жұмыстары үлкен шараға ұласып, нәтижесінде табылған мұрағаттық фотосуреттер көпшілік қауымның зор қызығушылығын тудырды. Ұстаздар ата - аналарымен бірге ескі альбом беттерін парақтап, сүйікті оқиғаларын еске түсірді. Уақыт өте келе сарғайған, кей тұстары бүлінген ақ - қара суреттер, ұстаздарымызды ағаштар үлкен болып көрінген бақытты балалық шаққа сапар шеккізді.
Ең көп қаралымды жоба аясында өткен Директорлар күні жинаған болатын.
Барлығы бетпе - бет шынайы қарым - қатынасты сағынған сәтте, қашықтан оқытудың қиын күндерінде кез - келген мектептің басты тұлғасы – Ұстазға – жылы сөздеріміз бен эмоцияларымызды сыйладық. Жобаның авторлары көпшілік тарапынан дәл осындай сұраныс пен табыстылықты күтпегендерін жасырмайды. Шын мәнінде бүгінгі дана ұстаз, кешегі дара шәкірт, «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар!»
2 528
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
Каждый учитель родом из ученика
Каждый учитель родом из ученика
В первый день учебного года на всех Интернет платформах автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» начался новый проект, посвященный учителям, — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар».
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.