Қазақстан
жаңалықтары.
» » 1 маусымнан бастап бюджет саласының төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысы өседі

1 маусымнан бастап бюджет саласының төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысы өседі

16 сәуір 2019, Сейсенбі
Категориясы: Экономика / Білім
2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласының төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын есептеуге коэффициенттердің жаңа кестесі енгізіледі. Білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтып берді.
Білім беру ұйымдары қызметкерлері жалақысын 10 - нан 30%- ға дейін сараланған түрде ұлғайту жоспарлануда. Коэффициенттер кестесі білім беру деңгейіне, біліктілікке, жұмыс жағдайына қарай:
негізгі буындағы қызметкерлерге: колледж оқытушылары, мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру саласының педагогтары;
көмекші қызметкерлер: балабақшалардағы бала бағушылар, мекемелерді тазалайтын қызметкерлерге, аула тазалаушыларға, күзетшілерге;
басқарушы: колледж, мектептер басшылары, балабақша меңгерушілеріне қатысты болады.
«Бюджет саласының аз жалақы алатын қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға бағытталған бөлінген қаражаттың 75% білім саласына жұмсалады», — деді білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова.
Сондай - ақ, білім және ғылым министрі 2018 жылдан бастап 208 мың мұғалім (70%) білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 30%- дық қосымша ақы, біліктілік сынақтарын сәтті тапсырған 60 мың мұғалім — 30 - 50% үстеме ақы алатынын атап өтті.
«Тестілеуге педагогтар жылына екі рет – мамыр және қараша айларында қатысады. Үш жыл ішінде біліктілік арттыру курстарынан орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 144 мың мұғалім, 82 мың психолог және сынып жетекшілері, 15 мың колледждің инженерлік - педагогикалық қызметкері, 2, 4 мың ЖОО оқытушылары өтеді», — деп ақпараттандырды К. Шәмшидинова.
Оның айтуынша, мектептегі оқу бағдарламаларына интеграциялау, АT - дағдыларды дамыту, жобалық және зерттеу жұмыстарын жүргізу, білім беруді интеграциялау және оларды тәжірибе жүзінде қолдану, оқу жоспарын толықтыратын және балаларды дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс - шаралар жалғасады.
ТжКББ және жоғары білім жүйесінде білім беру бағдарламаларын жаңарту еңбек нарығының талаптарын, кәсіптік стандарттарды, WorldSkills стандарттарын, жетекші шетел университеттерімен білім беру бағдарламаларын үйлестіруді, кәсіпкерлік негіздерін, жобалық білім беруді ескере отырып жалғасады.
Студенттерді волонтерлік қызметке тарту туралы Елбасының тапсырмаларын орындау үшін волонтерлік ваучер жүйесін енгізу басталады: 25 сағатқа — 25 мың теңге және екі кредитті қайта тапсырып, 50 сағатқа — 50 мың теңге алып, 5 кредитті қайта тапсырады. Осылайша, белсенді студенттер тек өз бастамаларын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өздерінің кірістерін көбейтіп, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасайды, кәмелет жасқа толмаған девианттық мінез - құлқы бар балалармен, егде жастағы балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізіп, репетиторлықпен айналысады.

Дерек көзі: Egemen.kz
290
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Адам танығың келсе – сөйлес!
Адам танығың келсе – сөйлес!
Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі. Әр адамның деңгейі әр түрлі. Ежелгі заманда Сократтың өзі «Мен сені танысын десең, әңгіме айт» дейтін көрінеді.
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда мақұлданды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
Пікірлер (0)
код көрінбесе қайта басыңыз