Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » 2020 жылдан бастап қазақстандық мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсетін болды

2020 жылдан бастап қазақстандық мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсетін болды

02 қыркүйек 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Экономика / Білім
Алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысы екі есеге артатын болады
2020 жылдан бастап қазақстандық мұғалімдердің жалақысы 25 процентке өседі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтты.
"Мен тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 процентке өседі деген сөз", - деді президент Қазақстан халқына арнаған жолдауында.
Тоқаев қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқанын атап өтті. Оған себеп – ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығы.
"Сондықтан "Дипломмен – ауылға" бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын", - деді президент.
Ол дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында дайындау керек екенін айтты.
"Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек", - деді мемлекет басшысы.
236
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Что изменится в школах с 1 сентября
Что изменится в школах с 1 сентября
Учителям вдвое повысят зарплату Правда, это произойдет не сразу, а в течение четырех лет. Власти намерены повысить заработную плату для привлечения в систему образования квалифицированных кадров и повышения статуса педагога в обществе.
Бизнес - идеялар
Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
Адам танығың келсе – сөйлес!
Адам танығың келсе – сөйлес!
Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі. Әр адамның деңгейі әр түрлі. Ежелгі заманда Сократтың өзі «Мен сені танысын десең, әңгіме айт» дейтін көрінеді.
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
Пікірлер (0)