Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » 10 қаңтарға дейін мұғалімдердің жалақысы өсуі тиіс!

10 қаңтарға дейін мұғалімдердің жалақысы өсуі тиіс!

14 қазан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Экономика / Білім
Білім министрі 10 қаңтарға дейін мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырды
Нұр - Сұлтан, BAQ. KZ. 
Министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30%- дан 50% - ға дейін арттыру міндетін жүктеді.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook - тегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөнінде тапсырма берді. Бұл шешімнің нақты негіздері бар екенін айтты.
"Біз жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргіздік. Ол еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсетті. Бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60 - 70 мың теңге көлемінде жалақы алатын жағдай қалыптасқан. Мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес. ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтеруді бастады", - деп жазды ол.
Министр қалған мемлекеттік ЖОО тапсырманы міндетті түрде орындаулары тиіс екенін атап өтті.
"Сонымен қатар, ректорлардың алдына біздің ЖОО - да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақылар белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды. Жоғары оқу орындарында академиктер көп емес, сондықтан біз өзіміздің ғылыми элитамызды қолдауға міндеттіміз. Бұл шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат пен өзге де күш - жігерді қажет етпейтінін ерекше атап өткім келеді. Барлығы қолда бар мүмкіндіктердің шеңберінде", - деді министр.
Жас ғалымдарды қолдау тетіктері де болашақта қарастырылатын болады.
462
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Что изменится в школах с 1 сентября
Что изменится в школах с 1 сентября
Учителям вдвое повысят зарплату Правда, это произойдет не сразу, а в течение четырех лет. Власти намерены повысить заработную плату для привлечения в систему образования квалифицированных кадров и повышения статуса педагога в обществе.
Бизнес - идеялар
Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда мақұлданды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
Пікірлер (0)