Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі

27 қаңтар 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Қоғам
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Алматы, 25 қаңтар, 2021 ж. – Қазақстанның ірі ақпараттық - коммуникациялық және бұлтты қызметтер провайдері «Қазтелепорт» акционерлік қоғамы - Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» және Microsoft компаниясы Қазақстандық клиенттер үшін Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімін іске қосты.
Azure Stack HUB by Kazteleport біріктірілген жүйесі – бұл бизнеске IaaS, PaaS сервистеріне және бірыңғай қосымшаларды әзірлеу құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаһандық Microsoft Azure бұлтты платформасының инфрақұрылымдық кеңейтілуі. Қазақстанда Azure Stack - тің іске қосылуының арқасында клиенттер Қазтелепорт компаниясының жергілікті деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) қуатын және Microsoft Azure жаһандық инфрақұрылымын бір мезгілде пайдалана отырып, заманауи гибридтік қосымшалар жасай алады.
Azure Stack HUB by Kazteleport платформасы сервистерінің Қазақстанда орналасуы корпоративтік клиенттерге ел заңнамасының шеңберінде қалуға және республика аумағында дербес деректерді өңдеуге еркін мүмкіндік береді. Қазтелепорт бұлтынан Azure Stack - ты пайдалану корпоративтік бизнестің АТ - инфрақұрылымына жұмсалатын шығындарын айтарлықтай қысқартады: pay - as - you - go төлем моделі – клиентке қызметтерді пайдалану кезінде тек нақты тұтынылған көлемге төлеуге мүмкіндік береді.
Сарапшылардың мәліметінше, 2015 - 2018 жылдар аралығында Қазақстанның бұлтты қызметтер нарығы екі есеге жуық өсіп, қазақстандық компаниялардың бұлтты қызметтерге тұрақты сұранысы нарықтың сенімді трендіне айналды. Бұл жеке бизнестің ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік сектордың (ақпараттандырудың сервистік моделі) бұлттық қызметтерге деген сенімінің артуы және экономикалық тұрғыдан тиімді екенін түсіну сияқты екі факторға байланысты.
«Қазтелепорт Қазақстан аумағындағы өз дата - орталықтарында Azure бұлтты сервистерін орналастырған алғашқы провайдер. Біз алдағы 2 - 4 жылда бұлттық қызметтер кез - келген компанияның инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болады деп күтудеміз және Қазақстан аумағында Azure Stack - тің пайда болуы клиенттеріміздің бизнесінің сандық сипатқа ие болатынын және сұраныстың өсіп жатқанын растайды. Осы сұраныстарға жауап ретінде біз клиенттердің технологияларға, инфрақұрылымға, шешімдерге деген жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін теңдестірілген шешімдерді ұсынамыз және бизнесті дамыту үшін нарықтың барлық мүмкіндігін пайдалануға көмектесеміз» – дейді «Қазтелепорт» АҚ - ның Бас директоры Асқар Құсайынов.
Azure Stack HUB by Kazteleport виртуалды машинасының құны айына 14 500 теңгені құрайды. Бұл сервистің әрбір пайдаланушысы қолайлы тарифтік жоспарды таңдау, жеке кеңес пен қызмет алу, сондай - ақ техникалық қолдау қызметіне кез келген уақытта жүгіне алады. Сервиске қосылу туралы толық ақпаратты сілтеме бойынша провайдердің сайтында өтінім қалдыру арқылы немесе 5151 нөміріне (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалу арқылы алуға болады.
Microsoft туралы
Microsoft (Nasdaq “MSFT” @microsoft) «интеллектуалды бұлт» және «интеллектуалды технологиялар» дәуірінде цифрлық трансформациялар үшін жағдайларды қамтамасыз етеді. Компания миссиясы – планетадағы әрбір адам мен ұйымға көпке қол жеткізуге мүмкіндік беру.
Толық ақпарат алу үшін:
Ольга Глебова, коммуникация маманы, Microsoft |CEE Multi - Country| (066) 144 13 19, a - olgleb@microsoft. com
Дания Утеева, PBN Hill+Knowlton Strategies, +7 (778) 555 41 24, v - duteyeva@microsoft. com
2 986
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Казтелепорт и Microsoft: совместное облачное решение Azure Stack HUB by Kazteleport для корпоративных клиентов Казахстана
Казтелепорт и Microsoft: совместное облачное решение Azure Stack HUB by Kazteleport для корпоративных клиентов Казахстана
Алматы, 25 января, 2021г. - Крупный инфотелекоммуникационный и облачный провайдер Казахстана Акционерное общество «Казтелепорт» - дочерняя организация Народного Банка Казахстана» и компания Microsoft запустили совместное облачное решение Azure Stack
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
Microsoft Казахстан и Управление образования г. Алматы договорились о потенциальном сотрудничестве в области цифровой трансформации образования города
Microsoft Казахстан и Управление образования г. Алматы договорились о потенциальном сотрудничестве в области цифровой трансформации образования города
Алматы, 12 января, 2021г. – 4 декабря 2020 г. Microsoft Казахстан и «Городской научный методический центр новых технологий в образовании» Управления образования г. Алматы совместно рассматривают возможности сотрудничества с целью цифровой
СДУ мен Erasmus+серіктестігі аясында инновациялық IT-зертхана іске қосылды
СДУ мен Erasmus+серіктестігі аясында инновациялық IT-зертхана іске қосылды
Сулейман Демирел атындағы университеттің "Инженерия және жаратылыстану ғылымдары" факультетінің базасында магистранттарға, докторанттарға және жас зерттеушілерге бағытталған ACESYRI (Advanced Centre for PhD Students and Young Researchers in
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
Биыл Сулейман Демирел университеті мектеп бітіруші түлектерге арналған SPT олимпиадасын ұйымдастырып жатыр. Негізгі мақсаты – еліміздің түкпір - түкпіріндегі дарынды балаларды анықтай отырып, оларға ұлттық бірыңғай тестілеу алдында алдын ала грант
2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда салық әмины енгізіледі
2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда салық әмины енгізіледі
2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда бірыңғай деректемелерден төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша салық әмиян — сервисі іске қосылады. Жаңа механизм туралы Қаржы вице - министрі Руслан Еңсебаев мәлімдеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.