Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Сұхбат алаңы

10 ақпан 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Мәдениет
Сұхбат алаңы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ - да өтіп жатқан «Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың әдіс - тәсілдері Ә. Кекілбаев шығармалары негізінде» тақырыбындағы курс тыңдаушыларына институт кітапханашысы Ақкүріш Базарқызы «Әбіш әлеміне саяхат» тақырыбында сұхбат алаңын өткізді. Шараны өткізудегі мақсат – тыңдаушыларға жазушы Әбіш Кекілбайұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, өлке тарихын тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге шақыру, мәдени мұрамызды насихаттау.
Сұхбат алаңына жазушы шығармаларын оқытуда, танытуда, зерделеуде орасан зор еңбек етіп жүрген филология ғылымдарының докторы Жанбибі Дүйсенбаева қатысып, «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарих тағылымы», «Алыптың анасы», «Қаламгер құпиясы мен шығарма шырайы», «Әбіш Кекілбаев – суреткер» атты ғылыми еңбектерін жазуда тарихи деректерді қалай жинақтағаны туралы сыр шертті.
Тыңдаушылар ғалымның әңгімесін қызыға тыңдап, ойларында жүрген түрлі сұрақтарын қойып, Әбіш әлеміне саяхат жасады. Шара соңында кітапханашы тыңдаушыларды «Әбіш әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырды.
А. Өтебаева, кітапхана ісінің бас маманы
262
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Критериалды бағалау жүйесі қалады, бірақ өзгереді
Мұғалімдер критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы дұрыс екенін түсінеді және ол дамыған елдердің бағалау жүйесінің талаптарымен салыстырылатын бағалаудың жаңа стандарттары мен механизмдерін қамтамасыз етті.
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
В Казахстане изменятся формы аттестации школьников
Вышел приказ министра образования и науки, отменяющий ряд школьных экзаменов. Некоторые испытания, ранее сдававшиеся в устной форме, станут письменными.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)