Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді

15 қараша 2020, Жексенбі
Категориясы: Білім
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы педагогтарды кәсіби оқыту саласындағы жетістіктері үшін табысталатын беделді UNESCO Hamdan 2019 - 2020 халықаралық сыйлығының нәтижелерін жариялады.
Педагогикалық шеберлік орталығы мұғалімдердің жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін көтерудегі баға жетпес тәжірибелері мен жетістіктері үшін UNESCO сыйлығының үздік 10 финалистері қатарына енді. ПШО үздік академиялық жетістіктері мен мұғалімдердің кәсіби дамуындағы құнды тәжірибе үшін алғыс сертификатына ие болды.
Беделді халықаралық сыйлықтың финалистерін халықаралық қазылар алқасының ұсынымдары мен бағалауы негізінде UNESCO Бас директоры Одрэ Азуле іріктеуден өткізді. Қазылар алқасының құрамына педагогика саласында бірегей білім мен тәжірибеге ие әлемнің түрлі елінің мойындалған сарапшылары енді.
UNESCO Hamdan миссиясы – әлем мұғалімдерінің үздік тәжірибелеріне ықпалдасу. Аталмыш беделді сыйлық 2008 жылы құрылған, әр екі жыл сайын табыс етіледі. 2019 - 2020 жылдардағы байқауға оқытуды жетілдіру бағытында қызмет ететін халықаралық және ұлттық 190 ұйым қатысты.
UNESCO Hamdan сыйлығы Педагогикалық шеберлік орталығының халықаралық жетістіктерінің бүтін бір топтамасын жалғастырды. Қазіргі таңда Орталық жасап шығарған біліктілікті арттырудың 10 білім беру бағдарламасы ACQUIN (Германия) аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету Институтының халықаралық сертификаттауынан өтті.
Педагогикалық шеберлік орталығының халықаралық деңгейде мойындалуы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ынтымақтастық аясын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
3 112
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Педагогикалық шеберлік орталығының «Шабыт» бағдарламасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің Алан Бөрібаевпен онлайн кездесуі өтті.
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.