Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты

18 қаңтар 2021, Дүйсенбі
Категориясы: Қоғам
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін бірлесіп қарастыруда.
Бұл мақсатта тараптар оқу үдерісінің сапасын жақсарту және Алматы қаласындағы орта білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ынтымақтастықты ықтимал кеңейту мен дамытуды көздейтін, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сондай - ақ ықтимал ынтымақтастық цифрлық сауаттылықты, Алматы қаласы мектептерінің педагогтары мен оқушыларының цифрлық машықтарын және құзыреттерін арттыруды көздейтін болады. Жоба арқылы қаланың 200 - ден аса мектебін қамту жоспарланып отыр.
Жылқыбаева Ляззат Ауесханқызы, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы, айтып өтті: «Бүгінгі таңда цифрлық құралдарды пайдаланбай, білім беруді елестету қиын. Сондықтан біздің ықтимал ынтымақтастығымыз аясында Microsoft компаниясы ұсынуға дайын бірегей тәжірибе, үздік халықаралық практикалар және инновациялық технологиялар, қаланың білім беру жүйесін табысты цифрлық трансформаиялаудағы мақсаттарға жетуде бізге көмегі тиетініне сенімдіміз».
  • oҚазіргі уақытта қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес, Алматы қаласындағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық Microsoft - тың білім берудегі сансыз зерттеулері мен көп жылдық тәжірбиесіне негізделген үздік халықаралық практикаларды ұсынуды қамтитын болады. Microsoft - та әлемнің түрлі елдерінің білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудың тиімді стратегияларын жүзеге асырудағы ауқымды тәжірибесі бар болғандықтан, бұл білім берудің жергілікті жүйесінің қажеттіліктері мен міндеттерін ескере отырып, ең оңтайлы стратегияларды тәжірибе жүзінде таңдауға және енгізуге мүмкіндік береді. Білім беруді цифрлық трансформациялау барлық оқушыларға өз әлеуеттерін ашуға және толықтай іске асыруға, ал мұғалімдерге оқытуға арналған қауіпсіз, сенімді және инклюзивті ортаны құрудың арқасында, жұмыстың инновациялық әдістерін енгізу мен қолдануға көмектеседі.
Тараптар қарастырып жатқан бағыттардың бірі — қала мектептеріне білім беруге арналған Microsoft «Minecraft: Education Edition» мамандандырылған бағдарламалық қамсыздандыруын бірлесіп енгізу мен дамыту жобасы. «Minecraft: Education Edition» - бұл сабақ берудегі әдістерді өзгертетін және балаларды оқу үдерісіне тарту мен олардың бойында білімге деген қызығушылықты оятуға көмектесетін, ойын негізіндегі оқу платформасы. Әлемнің әр түкпіріндегі оқытушылар оқушыларды сабақ беру мен оқытудағы мүмкіндіктер шегі қиял мен ғана белгіленетін иммерсивті цифрлық ортада барынша қызықтыру үшін «Minecraft: Education Edition»- ді оқу үдерісі барысында сабақ кезінде әр түрлі пәндерде қолданады.
«Біз планетадағы әрбір оқушыға көпке қол жеткізуге көмектесеміз. Біздің Алматы қаласының білім басқармасымен және цифрландыру басқармасымен ықтимал ынтымақтастығымыз қаланың білім берудегі цифрлық трансформациясына оң әсер етеді деп сенеміз. Бүгінгі таңда заманауи цифрлық технологиялар оқыту үдерісін қызықты, интерактивті және инклюзивті етугі көмектесіп, білім беру үшін шексіз дерлік мүмкіндіктер ашуда. Microsoft - тың білім беруге арналған заманауи шешімдері оқушылардың білімді анағұрлым тиімді игерулеріне жәрдемдесуде, сондай - ақ мұғалімдерге оқытуда инновациялық құралдар мен әдістерді қолдануға мүмкіндік береді», — деп Microsoft - тың Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы — Нұрлан Жаныбек пікір білдірді.
2 383
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Алматы, 25 қаңтар, 2021 ж. – Қазақстанның ірі ақпараттық - коммуникациялық және бұлтты қызметтер провайдері «Қазтелепорт» акционерлік қоғамы - Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» және Microsoft компаниясы Қазақстандық клиенттер үшін Azure Stack
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
2020 жылдың 30 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман»
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
9 - 13 қараша аралығында Сулейман Демирель университетінің оқытушылар тобы СДУ - 2020 “Цифрлық білім беру: “i - Мұғалім”моделі” 36 сағаттық онлайн семинар - тренингін өткізеді.
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.