Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды

21 сәуір 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Әлемде
Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Мұхаммед - Әли Қанатбек Фордем университетінен, Дрексель университетінен, Гонконг баптист университетінен және Британ Колумбия университетінен шақырту алды. Сондай - ақ, Бабсон колледжі және Боккони оқу орнынан шақырту күтуде.
Айта кету керек, Мұхаммед - Әли Британдық Колумбия университетінің Karen McKellin International Leaders of Tomorrow (KMILOT) Award толық стипендиясының 33 иегерінің бірі болды. Профессорлардың мықты құрамы, жұмысқа орналасудың жоғары деңгейі, жеке жобаларды дамыту әлеуеті – осының барлығы Британ Колумбия университеті туралы. Сондықтан зияткер дәл осы университетте оқуға шешім қабылдады. Оқу қыркүйек айында офлайн форматта басталады.
"Оканагандағы кампуста оқимын деп шештім, себебі "Бизнес және менеджмент" мамандығы өте жақсы сәйкес келді. Сонымен қатар профессорлармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алдым. Оқуға түсуде кәсіби бағдар беруші Бағжан Азаматқызы үлкен рөл атқарды, сол үшін мен оған өте ризамын. Егер сіз оқуға түсуге дайындықты алдын - ала бастамасаңыз (2 - 3 жыл бұрын), ода тұрған ештеңе жоқ. Бастысы ниет пен ұмтылыс. Сондай - ақ, егер сіз оқу озаты болмасаңыз, жетекші университетке түсу мүмкін емес деп ойламаңыз",- деді Мұхаммед - Әли.
Мұхаммед - Әлидің бұдан өзге де жетістіктері аз емес: ол 2019 жылы Гарвард математикалық олимпиадасында (HMMT) қазақстандықтар арасында бірінші орынды жеңіп алды, Oracle Kazakhstan - да тағылымдамадан өтті, 2000+ адамға арналған өзінің Халықаралық бизнес инкубаторы, бірқатар мектептен тыс тағылымдамалар мен бизнес саласындағы жобалары бар.
2 235
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Алматы NIS оқушысын Вальбонн Халықаралық орталығы шақырады
Алматы NIS оқушысын Вальбонн Халықаралық орталығы шақырады
Алматы қаласы, физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Жания Нұрханова Вальбонн Халықаралық Орталығының 2021 - 2022 дайындық сыныптарына оқуға толық грантқа түсті. Сондай - ақ зияткерге ай сайын шәкіртақы
NIS оқушысы АҚШ - тың бес университетінің шәкіртақысын ұтып алды
NIS оқушысы АҚШ - тың бес университетінің шәкіртақысын ұтып алды
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 - сынып оқушысы Жәния Абжан АҚШ - тың бес университетінің шәкіртақысын ұтып алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады
Сабақтан тыс уақыттағы жеке консультациялар бойынша сұрақтар
Сабақтан тыс уақыттағы жеке консультациялар бойынша сұрақтар
Мұғалімдер мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, кезекші сыныптардағы дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға мұғалімдердің қалауы бойынша жеке консультациялар өткізу мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10В сынып оқушысы Абилова Аружан Қазақстан ұлттық телеарнасының «Жүзден жүйрік» бағдарламасына қатысып, жеңiмпаз атанды.
Жәңгірдің он бір досы⠀
Жәңгірдің он бір досы⠀
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері елордадағы балалар үйінің және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, гитарада ойнауға үйретіп, сыйлықтарын табыстады. ⠀
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.