Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Бүгінгінің батырына бір бума хат

Бүгінгінің батырына бір бума хат

24 маусым 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Қоғам
Бүгінгінің батырына бір бума хат
Елімізде маусым айының үшінші жексенбесінде дәстүрлі түрде медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл мереке бар ғұмырын халықтың саулығы жолына арнаған абзал жандардың еңбегі еленетін күн.
Дегенмен антына адал, сертіне берік жандар үшін биылғы мерекенің орны мен жөні де бөлек болғалы тұр. Себебі бүгінде әлем дүниенің төрт бұрышын түгел шарпыған мезгілсіз дертпен күресуде. Бұл ретте, қауіпті вируспен күнделікті бетпе - бет келіп, аяғынан тік тұрып, тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жүрген дәрігерлердің қайсарлығы – ерлікке пара - пар.

Осынау айтулы мереке қарсаңында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» оқушылары дәруі дертке дауа дәрігерлерге риясыз алғыстарын білдіріп, ерекше құттықтауды ұйғарды. Бір топ зияткер қолдарына қалам алып, бүгінгінің батырларына арнаған ақжарма тілектері мен жүрекжарды лебіздерін қағаз бетіне түсірді.
Сөз басын «Egemen Qazaqstan» газетінің ардагері, айтулы ақын Қорғанбек Аманжолдың дәрігерлердің өлшеусіз еңбегін бағалауға шақырған өлеңімен бастаған оқушылар одан әрі толғанысты ойларымен өрбітті.
- Біз ең ардақты мамандық иелері дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс айтудан жалықпаймыз. Адамзаттың амандығы жолында ұйқы көрмей, уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген бүгінгі күннің батырлары – медицина қызметкерлері барлық құрметке лайық деп білеміз. Олар бірнеше айдан бері отбасыларынан жырақта жүріп, қауіпті дертті ауыздықтауға бар күштерін салуда. Абзал жандарға демеу болсын, әрі көңіл - күй сыйласын деген мақсатта бір бума хаттарымызды жолдағалы отырмыз», - дейді оқушылар.
Естеріңізге сала кетсек, зияткерлер наурыз айынан бері дәрігерлерді қолдау және тұрғындарды қауіпті дерттің алдын алуға шақыру мақсатында әлемдік науқандарға қатысып, отандық #Bizbirgemiz, #Үйдебол, #Дәрігерлергеалғыс, #Вирусқажоқде, #Handwash, #Бізмықтымыз челленждеріне үлес қосты. Сондай - ақ, оқушылар «Сіз біз үшін жұмыста қалдыңыз, біз Сіз үшін үйде боламыз» флешмобын жалғастырды.
Сандуғаш Асанқызы Кожина,
"Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп" "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы
86
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
ПЕДАГОГТЫҢ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІБИ ДАМУЫ
ПЕДАГОГТЫҢ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІБИ ДАМУЫ
Әр қоғамның білім беру саласының алдына қояр мақсаттары мен одан туындайтын міндеттері ешқашан да бір - біріне ұқсаған емес. Ұстаздар қауымы алдына мемлекетіміз жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшінің сүбелі тұсынан орын алып, жол
Төлеген Мұсабеков: өткенін білмеген елдің болашағы бұлыңғыр
Төлеген Мұсабеков: өткенін білмеген елдің болашағы бұлыңғыр
Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің шығармашылық тобы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Полный текст Закона «О статусе педагога»
Настоящий Закон определяет статус педагога, устанавливает права, социальные гарантии и ограничения, обязанности и ответственность педагога.
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
ҰБТ электронды форматта өтетін болды
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Латын негізіндегі қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы
Президент Қ. Тоқаев бүгінде қолданысқа енген қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиінің кемшіліктері бар екенін айтып, тиісті мекемелерге оны қайта қарауды тапсырды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Пікірлер (0)