Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Microsoft - тың IT дағдыларын дамыту бойынша ғаламдық бағдарламасы мыңдаған қазақстандықтарға актуалды мамандықтарды игеруге көмектеседі

06 желтоқсан 2021, Дүйсенбі
Категориясы: Білім
Microsoft - тың IT дағдыларын дамыту бойынша ғаламдық бағдарламасы мыңдаған қазақстандықтарға актуалды мамандықтарды игеруге көмектеседі
6 желтоқсан күні IT дағдыларды дамыту бойынша ғаламдық бағдарлама іске қосылады, оның мақсаты қазақстандықтардың цифрлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Қазақстанда бағдарламаның ұйымдастырушылары мен серіктестері Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, "Зерде" Холдингі" АҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ, "Өрлеу" Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы" АҚ, Academia. kz білім орталығы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ), Білім медиа групп ЖШС, Tech Hub АХҚО, DataBoom компаниясы, BTS Education ұйымы, Microsoft Казахстан компаниясы шығады.
LinkedIn Learning және Microsoft Learn білім берудің тегін бағдарламаларының көмегімен тиісті дағдыларды жеке дамытуға және оларды GitHub оқыту зертханасында машықтануға болады. Жеке дағдылардан басқа дата талдаушы, графикалық дизайнер, бағдарламалық қамсыздандыру әзірлеушісі, қаржылық талдаушы, диджитал - маркетолог, АТ - әкімшісі, жобалық менеджер және т. б жаңа мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді.
Курс барысында қатысушыларға тренерлермен тікелей тілдесуге мүмкіндік бар.
Оқытудың нәтижелері бойынша, таңдалған бағдарлама бойынша кәсіби сертификаттаудан өту мүмкіндігі қарастырылған.
«Біз Қазақстандағы IT - мамандарының цифрлық сауаттылығын және деңгейін арттыруға бағытталған кез - келген бастамаларды қолдаймыз. Аталмыш бағдарлама цифрлық дағдыларды тегін игеруге және халықаралық деңгейдегі сертификаттарды алуға мүмкіндік береді. Бастама өзінің дағдыларын дамытқысы немесе жетілдіргісі келетін барлық ниет білдірушілерге - жұмыссыздардан бастап және қызмет түрін ауыстырғысы келетін студенттер мен цифрлық дағдылары еңбек нарығында ең жақсы бастапқы позицияларды бере алатын жас адамдарға дейін қол жетімді», - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице - министрі Асқар Жамбакин атап өтті.
«Экономиканың цифрлануы, жұмыстың жаңа форматтары, "өмір бойы оқу" тұжырымдамасы біз қазір өмір сүріп жатқан жаңа өмірдің айнасына айналып жатыр. Бүгінде бұрынғы өмірге қалай оралуға болатындығы жайлы мәселе тұрған жоқ, ілгері қарай қалай қозғалуға болатынын ойлау керек.
Қазіргі технологиялардың қарыштап дамуын ескере отырып, цифрлық сауаттылықты жетілдіру өзекті болып тұр, соған сәйкес аталмыш дағдыларға сұраныс та артып жатыр. Вакансиялардың 50% жуығы үміткерлерде компьютерлік сауаттылықтың белгілі деңгейде болу қажеттілігін талап етеді.» - деп белгілейді ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Президенті Даулет Арғандықов.
Бағдарлама аясында қатысушылар қазіргі жұмыс орнын және топтық ынтымақтастықты ұйымдастыру, қазіргі бұлттық технологиялар, Microsoft Excel аналитикасы, IT - дағы жобаларды басқару, Power BI аналитикасы, білім үшін Microsoft 365, сондай - ақ пайдаланушылар үшін негізгі цифрлық дағдылар сияқты өзекті тақырыптарға арналған вебинарларға қатыса алады.
«Цифрлық дағдылар ковидтен кейінгі экономикада ғана емес, сонымен қатар болашақ экономикада да қажет. Біздің бағдарлама жаңа дағдыларды игеруге ынталы және жұмыс орындары үшін бәсекелес бола алатын адамдарға көмек көрсету бойынша қадамдардан тұрады. Ол өзінің дағдыларын жақсартуға ұмтылатын жеке пайдаланушылар үшін, сондай - ақ өзінің қызметкерлеріне мұқият дайындалған оқыту бағдарламаларын жасауға ұмтылатын ұйымдар үшін өте жақсы болады. Пайдаланушылар бағдарлама аясында модульдерді аяқтағаннан кейін әлемге танылған және жұмысқа тұру кезінде кәсібилік артықшылықтар ұсынатын Microsoft сертификаттауынан өтуге рұқсат алуы мүмкін», - деп атап өтті Microsoft Казахстан директоры Сергей Лещенко.
«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті аталмыш бағдарламада қатысуды маңызды деп есептейді, себебі цифрлық дағдылар баяғыда компьютерлік ғылымдарды оқығандарға ғана керек болса, енді олар қызметтің кез келген саласында қажет: гуманитарлық, мұнай, экономикалық және т. б. Цифрлық құзыреттерді қалыптастырудағы маңызды орын жаңа буындағы инновациялық жоғары оқу орындарына тиесілі, оларға біздің университет жатады. Университеттің профессорлық - оқытушылар құрамының Microsoft IT дағдыларын дамыту бойынша ғаламдық бағдарламаға қатысуы адами капиталдың ғана емес, сондай - ақ жалпы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді», - дейді «ХАТУ» АҚ басқармасының төрағасы, ректор Асқар Хикметов.
«Технологиялар, жылдамдық, құндылықтар, қажеттіліктер - әлем өте қарқынды өзгеруде, және осы жағдайларда қазіргі, дербестендірілген және икемді үздіксіз оқыту жүйесі, жаңа талаптарға сай болу үшін біліктілікті тұрақты түрде арттыру және еңбек нарығында сұраныста болу талап етіледі. Біз Academia. kz - та осы мүмкіндіктерді ұсынуға бағытталған IT дағдыларын дамыту бойынша ғаламдық бағдарламаның ұйымдастырушылары болуға қуаныштымыз», - деп белгілейді Academia. kz білім беру жобасының өкілі Нартай Ашим.
Бағдарламаға қатысу тегін, жасына немесе бұрынғы тәжірибесіне қарамастан барлық ниет білдірушілерге ашық.
IT дағдыларын дамыту бойынша ғаламдық бағдарламаға тіркелу, сондай - ақ оқу жайлы барлық ақпаратты сілтеме бойынша білуге болады.
1 608
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Глобальная программа по развитию IT навыков Microsoft поможет тысячам казахстанцев освоить актуальные специальности
Глобальная программа по развитию IT навыков Microsoft поможет тысячам казахстанцев освоить актуальные специальности
Организаторами и партнерами программы в Казахстане выступают Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК, АО «Холдинг «Зерде», АО «Центр развития трудовых ресурсов» Министерства труда и социальной защиты населения
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
1 - ші QWANT бағдарламалау олимпиадасының нәтижелері: IT Білім Альянсы мен Microsoft Қазақстан бірлескен бастамалары
Білім беру IT Альянсы және Microsoft Қазақстан, 2021 жылы 19 сәуірде өткен Бірінші QWANT бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында қаржы, технология және IT салаларында мамандар даярлау бағытында әлеуетті ынтымақтастық
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Microsoft Teams онлайн-білім коллаборациясы үшін платформа барлық пайдаланушылар үшін қазақ тілінде қолжетімді болды, әсіресе бұл мүмкіндік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие.
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Қазтелепорт және Microsoft: Қазақстанның корпоративтік клиенттеріне арналған Azure Stack HUB by Kazteleport бірлескен бұлтты шешімі
Алматы, 25 қаңтар, 2021 ж. – Қазақстанның ірі ақпараттық - коммуникациялық және бұлтты қызметтер провайдері «Қазтелепорт» акционерлік қоғамы - Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» және Microsoft компаниясы Қазақстандық клиенттер үшін Azure Stack
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасы қаладағы білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы ықтимал ынтымақтастық туралы уағдаласты
Алматы, 12 қаңтар, 2021 ж. – 4 желтоқсан 2020 ж. Microsoft Қазақстан және Алматы қ. білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми әдістемелік орталығы» қаланы цифрлық трансформациялау мақсатындағы ынтымақтастық
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.