Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Мұғалімдер жалақысының қалай өсетіні белгілі болды.

Мұғалімдер жалақысының қалай өсетіні белгілі болды.

10 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Қоғам
Мұғалімдер жалақысының қалай өсетіні белгілі болды.
Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мұғалімдердің жалақысы қалай өсетіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Президенттің тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігіне бөлінетін қосымша қаражат 2019 жылдан бастап тәрбиешілердің, әдіскерлердің және балабақша меңгерушілерінің жалақысына қосылады. "Педагог статусы туралы" заңнаманың аясында мектеп директорлары мен мектеп директорларының орынбасарларының жалақысын өсіру қарастырылып отыр. Сондай - ақ, сыныпқа жетекшілік ететін және дәптер тексеретін мұғалімдердің де жалақысын үш есеге өсіру жоспарланып отыр", - деді білім және ғылым вице - министрі Бибігүл Асылова.
Вице - министр Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, тәрбиешілердің, әдіскерлердің және балабақша меңгерушілерінің жалақысы 30 - 50 пайызға өседі. Бірақ олар ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуі тиіс екен. "(...)
"Педагог статусы туралы" заңнаманы дайындап жатырмыз. Заңды ешкім де бұза алмайды, ал бұзған жағдайда біз жауапкершілікке тартамыз", - деді Суханбердиева.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге өсіруді тапсырған болатын. "Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1, 5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. (...)", - деген еді Президент.
Толығырақ: tengrinews. kz
2 659
0
4 дауыс
Оқи отырыңыз
Бизнес - идеялар
Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
1 маусымнан бастап бюджет саласының төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысы өседі
1 маусымнан бастап бюджет саласының төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысы өседі
2019 жылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласының төменгі жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын есептеуге коэффициенттердің жаңа кестесі енгізіледі. Білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда мақұлданды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
Пікірлер (0)