Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін

11 желтоқсан 2020, Жұма
Категориясы: Қоғам
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Голдберг машиналарын құрастыру бойынша инженерлік шығармашылық желілік байқаудың нәтижелері белгілі болды.
Пандемия салдарынан балалардың инженерлік білімдері мен технологиялық жобалық шығармашылықтарын дамытуға бағытталған робототехникадан дәстүрлі олимпиадаларды өткізу мүмкіндігі жоқ кезеңде алғашқы Голдберг чемпионатын өткізу туралы шешім қабылданды.
STEM - білімдерін практикалық тұрғыда жүзеге асыруға арналған желілік байқауда балалармен бірге алғаш рет ата - аналар да қатысты.
Отбасылық командаларға берілген тапсырмалар да бүгінгідей пандемия уақытында өзекті әрі қисынды деуге тұрарлық – «Қолды зарарсыздандыру – денсаулық кепілі». Бұл қорытынды әрекеті мөлшерлегіш микробжойғыны басатын машинаны жобалау болып табылады.
Жас өнертапқыштар мен олардың ата - аналарына қойылған басты талап – машинаны қолданудағы жоғары қауіпсіздік. Әрбір отбасы онлайн форматта шынайы құрылған механизмді ұсынды, қашықтан баға беруші әділ қазылар алқасы бейнематериалдармен танысып, Голдберг машинасының алгоритмін ғана бағалап қойған жоқ, сонымен қатар топтағы бірлесіп жұмыс жасау ахуалын, инженерлік шешімдердің әдеттегіден тыс нұсқаларын, шығармашылық серпіндерін де назарға алды.
Бірінші Голдберг байқауының жеңімпаздары болып Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен Алидар Ескендировтың отбасы танылды. Екінші орында – Ақтөбедегі NIS - тен Керей Бердішевтің отбасы. Сондай - ақ, үздік үштіктің қатарынан елордадағы физика - математика бағытындағы мектептен Али Жанғалидың отбасы көрінді.
«Ең бірегей шешім» арнайы аталымында Орал қаласындағы Зияткерлік мектептен Алихан Иденов пен оның командасы марапатталды. «Үздік презентация» номинациясында Тараз қаласындағы NIS - тен Нұрболат Рыскелдиновтың отбасылық шығармашылығы таңдалды.
Голдберг машинасы жанама және тым күрделі тәсілмен қалыпты тапсырманы орындау үшін қарапайым материалдардан құралған күрделі конструкция ретінде танылған. Голдберг чемпионаттары мен лигалары бүкіл әлемге әйгілі.
1 688
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Сабақтан тыс уақыттағы жеке консультациялар бойынша сұрақтар
Сабақтан тыс уақыттағы жеке консультациялар бойынша сұрақтар
Мұғалімдер мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, кезекші сыныптардағы дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға мұғалімдердің қалауы бойынша жеке консультациялар өткізу мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында балаларға игілікті және достас орта құруға арналған ЮНИСЕФ - пен бірлестіктегі жоба өз мәресіне жетті. Мектептердегі зорлық - зомблықтың алдын - алу бойынша стандартты операциялық
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр - сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады.
NIS көшбасшылары проактивті VS реактивті ойлауды таңдайды
NIS көшбасшылары проактивті VS реактивті ойлауды таңдайды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзін - өзі басқару ұйымдарының «NIS оқушыларының проактивті ойлауы VS реактивті ойлауы» тақырыбындағы сегізінші көшбасшылар форумы өз мәресіне жетті.
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Тоғызқұмалақ: ойында дәстүр мен зият тоғысты
Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.