Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

» » Шолпан Каринова білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Шолпан Каринова білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

01 қыркүйек 2019, Жексенбі
Категориясы: Қоғам / Білім
Үкіметтің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстанның білім және ғылым вице - министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы премьер - министрдің баспасөз қызметі хабарлады.


Шолпан Каринова 1972 жылы дүниеге келген.
1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын "қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша, 2016 жылы — "педагогикалық білім" бағыты бойынша Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған.
2005 – 2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы.
2009 – 2012 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары.
2012 жылғы мамырда Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалған, 2013 жылғы шілде мен 2017 жыл аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының басшысы.
2017 – 2018 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры болып қызмет атқарған.
2018 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.
147
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Что изменится в школах с 1 сентября
Что изменится в школах с 1 сентября
Учителям вдвое повысят зарплату Правда, это произойдет не сразу, а в течение четырех лет. Власти намерены повысить заработную плату для привлечения в систему образования квалифицированных кадров и повышения статуса педагога в обществе.
Бизнес - идеялар
Бизнес - идеялар
Жеке бизнес ашу – бұл тек табыс көзі ғана емес, ол адамды материалдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҰБТ жайлы бес маңызды ақпарат 2019 жыл
ҚР Білім және ғылым вице - министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің назар аударарлық бес пунктін атады. Бұл туралы вице - министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Бірыңғай жиынтық төлем жүйесі іске қосылды
Парламент Сенатының жалпы отырысында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң екі оқылымда мақұлданды.
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
2019 жылдың жұлдыз жорамалы
Жаңа жылдан әрдайым жақсылық күтетін қазақ елінің әр бір азаматына тек жақсылық пен бақыт тілей отырып, 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал ұсынып отырмыз. Армандаған армандарыңыз орындала берсін!
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Назарбаев атақты бизнесмендерді не істеуге міндеттеді?
Қазақстан президенті Түркістанды дамыту қорын да құру қажеттігін айтты.
Пікірлер (0)