Қазақстан
жаңалықтары.
» » Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқанын мойындады

Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқанын мойындады

14 қыркүйек 2018, Жұма
Категориясы: Шоу-бизнес
Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова бір жарым жыл жасырын ұстаған құпиясымен бөлісті. Ол 2015 жылы отасқан жарымен қазір бірге емес екенін мойындады. Бұл туралы әнші "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан деп хабарлайды NUR. KZ.


Әнші күйеуімен дәм - тұзы жараспағанын, екеуінің екі бөлек кеткеніне бір жарым жылдың жүзі болғанын жайып салды.
Оның сөзінше, тұңғыш ұлының әкесі ұлына бес ай болғанда жанұясын тастап кеткен көрінеді.
Содан бері Әуелбекованың ұлын әкесі де, әжесі де іздемеген екен.
"Ешкіммен кездеспейді, баланы ешкім іздемейді. Солай басымнан өтіп жатыр. Мен енді не істеймін? Тағдыр болғаннан кейін көнемін, балам үшін өмір сүремін", - деді ол.
Әнші бұл ақпаратты жасырын ұстауының себебін ұлының болашағына алаңдаушылық деп түсіндірді.
"Балаға кесірі тимесе деймін, көбіне ұлымды уайымдаймын. Қазір ғаламтор бар, оны айтқан соң бала кейін өскен кезде көреді, көңіліне кірбің түседі. Мен қазір ол былай істеді, тастап кетті, себебі мынау деп айтқанымнан ешкімнің ештеңесі кетпейді. Тоқ етерінде кейін балам қиналады", - деді әнші.
Жанұясындағы жайсыз жайттан соң Әуелбекова күйзеліске түскенін де жасырмады. Алайда өнерге деген құлшыныс оның жігерін қайта тасытса керек.
Қазір әнші өзінің бақытты екенін, қасында ұлы мен ата - анасы, бауырлары бар екенін айтты.
374
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Түркия президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қалай қарсы алды?
Түркия президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қалай қарсы алды?
Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда ресми іс - сапармен жүргеніне екі күн болды. Жыл басында Елбасын Реджеп Ердоған Түркияға арнайы шақырған еді.
Жұлдыз Өмірғали бет-аузы көгерген суретін өзінің Instagram парақшасына шығарды.
Жұлдыз Өмірғали бет-аузы көгерген суретін өзінің Instagram парақшасына шығарды.
"Кешью" құрамында өнер көрсеткен әнші өзінің көк - ала қойдай сабалғандай кейіндегі суретін жүктеп, желі оқырмандарын алаңдатып қойды.
Айгүл Иманбаеваның тұрмысқа шығатыны рас па?
Айгүл Иманбаеваның тұрмысқа шығатыны рас па?
Айгүл Иманбаеваның тұрмысқа шығатыны жайлы осыған дейін бірнеше рет айтылды.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімін қызметінен босатты
Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімін қызметінен босатты
Дүйсенбі, 10 қыркүйекте, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың әкімі Әсет Исекешевті президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындап, тиісті жарлыққа қол қойды.
Астана қаласына жаңа әкім тағайындалды
Астана қаласына жаңа әкім тағайындалды
Күні кеше Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қызметінде көтеріліп, президент әкімшілігінің басшылығына келген еді.
Пікірлер (0)
код көрінбесе қайта басыңыз