Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай тағылымы тәрбие үрдісінде

15 ақпан 2014, Сенбі
Абай тағылымы тәрбие үрдісінде

Абай туындылары бүгінде біздер, ұстаздар үшін, ұлттық тәлім - тәрбиенің негізгі оқулығы рөлін атқаруда. Осы мақсатта мектебімізде абайтану пәні енгізіліп оқытылуда.
Абай білімі терең болғандықтан, оның шығармаларында дүние, өмір, тіршіліктің мағынасы, қоғам мен заман, болашақ туралы толғаған ойлары да аса терең.

Ендеше осы тереңдікті оқушыларға ұғындыру ұстаздан талай дүниені талап етеді.
Абай - мәңгілік тақырып. Әр ұрпақ Абайды өзінше танып, өзінше оқып, өзінше танытады. Дәл қазіргі уақытта рухы мықты ұрпақ тәрбиесі үшін Абай құдіреті қажет болып отыр. Әр адам баласы Абай әлеміне үңіліп, Абайға бет бұрғаны дұрыс. Әрбір азамат Абай қарасөздерін өзінің дұрыс жолға салар бағдаршамындай көруі керек. Себебі дана Абайдың айтқан әрбір сөзі саналы адамның көкірегіне ой салып, адамшылық жолға тәрбиелейтін өсиеттен тұрады.
Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.

Абай мұрасы - Адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан - жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың қайнары. Ақынның толық адам туралы айтқандары – жас өскінді Адамды сүю, құрметтеу, елжандылық, биік адамгершілікке бастайтын жол. Сондай – ақ, әлемдік деңгейдегі білім талаптарына қол созып қана қоймай, соның ұшар басынан көріне білу - бүгінгі таңдағы ұлттық болмысымыздың, адами мақсат - міндеттеріміздің бұлтартпас бағыт, бағдары.

«Рухы күшті, дені сау, білімді ұрпақ - ел келешегі, келбеті», - деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзінің мәні ерекше. Тәрбие тал бесіктен бастау алып, шеберлікпен, бірізділікпен алтын - ұя мектепте ұштасып жатса, нәтижелі болары даусыз. Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне өте қажетті мәселені көтеріп отырған Абай тағылымы арқылы оқушылардың бойына ізгіліктің, адамгершіліктің рухани нәрлі дәнін егуді басты мақсат етіп алған ұстаздардың тәрбие құралы деуге болады. Ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның тағылымы - тәрбиенің де қайнар бұлағы. Мына өтпелі дәуірдің кейбір келеңсіз жағдайларының жас ұрпақтың аман алып қалудың да бірден - бір емі - Абайға жүгіну, Абайға үңілу дер едім.

Елбасымыз Н. Назарбаев халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз»,- деді. Бұл аталы сөздің терең мәніне үңілсек, ұлылар үлгісі арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп, Егемен еліміздің ілгері дамыту мәселесі де алдыға шығатыны сөзсіз. Ұлы дананың қай еңбегін оқымайық, ол ақыл - нақылға, тағылымға толы. Әсіресе, қазір күн тәртібінде жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру мәселесі тұрғанда оны жүзеге асырудың бір жолы ретінде Абай мұрасына бет бұрыс жасау өте құптарлық іс болғандығына қуаныштымын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 866
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың Абайы
Қазақтың Абайы
Қазақтың «Ұлы ақыны» Абай Құнанбайұлын білмейтін мемлекетет, танымайтын қазақ жоқ шығар сірә?! Аты әлемге әйгілі Абай атамыз - қазақ елінің мақтанышы.
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
“Абай жолы” романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Абай атаға арнау
Абай атаға арнау
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің 7- сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау. Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде, МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне. Жаныңа жақын Татьянаның хаттары, Жырлаған қазақ - орыс жерінде.
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×