Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы

18 ақпан 2014, Сейсенбі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Балалардың дүниетанымын кеңейту. Ана тіліне және басқа ұлт өкілдерінің тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар алдында тіл мәртебесін көтеру. Ана тілдеріне деген мақтанышын ояту.
Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіру, өз көзқарасын жеткізе білу, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байыту.
Дамытушылық: Эмоционалды – танымдық ортасын кеңейту. көңіл қоя білу, ойда сақтау, тиянақты сөйлеу әдеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Мақал - мәтелдер арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:
1. Оқушылар ұжымын ұйымдастыру
2. Жүргізушінің кіріспе сөзі, мақсатын түсіндіру, әділ - қазылар алқасын сайлау
3. Сайыскерлердің өзін - өзі таныстыруы.
4. Ойын ережелерімен таныстыру
5. 4 турдан тұратын зияткерлік – танымдық ойын.
І. Бәйге
ІІ. Полиглот
ІІІ. Дода
ІV. Жорға

- Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар ұжымы. Ең алдымен әділ – қазылар алқасын сайлап алайық.(директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Зайцева Елена Николаевна, ағылшын тілі мұғалімі - Щербина Юлия Валерьевна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері – Сейпиева Бибігүл Ақантайқызы, Чаукерова Айнаш Айтахметқызы)
Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,
Келіп түр егемендік замандарың.
Қазақ болып туғанмын жер үстінде,
Және де сол тіл үшін жаралғанмын - деп бүгінгі сайысты осындай өлең жолдарымен бастағым келіп отыр.
Сайысқа барлығы 6 оқушы қатысады. 1, 2 турдан кейін ұпай саны аз үш сайыскер ойыннан шығады. Қалған үшеуі 4, 5 турларда білімдерін сынайды.
Келесі сөз сайыскерлерге беріледі.(таныстыру)
Сонымен, 1 тур. «БӘЙГЕ»
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ - шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз – дей келе, бәйге турының ережелерімен таныстырайын.
Ережесі:
Әркімге жазбаша тест түрінде сұрақтар беріледі. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап берулері тиіс. Нәтижесін әділ - қазылар алқасы тексереді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай, дұрыс емес сұраққа минус 1 ұпай.
Ал, сайыскерлер, дайын болсақ бастайық. Баршаңызға сәттілік тілеймін.

1 - тур «БӘЙГЕ»
1. Қазақстан Республикасында “Тілдер туралы” заң қашан қабылданды?
А) 1992 жылы 4 маусым
Ә) 1989 жылы 22 қыркүйек
Б) 1991 жылы 16 желтоқсан
2. Ақмола облысының орталығы?
А) Астана қаласы
Ә) Ақмола қаласы
Б) Көкшетау қаласы
3. Қазақстан Республикасы елтаңбасының авторы кім?
А) Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов
Ә) Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжмеденов
Б) М. Дулатов, Ы. Алтынсарин
4. Жұрнақ арқылы жасалған сын есім?
А) сап - сары
Ә) әдемі
Б) ақылды
5. “Көп” сөзінің антонимі
А) аз
Ә) жоқ
Б) мол
6. Тудағы қыран құс ненің белгісі?
А) бейбітшілік
Ә) көптілділік
Б) қонақжайлылық
7. Дерексіз зат есім?
А) балалы
Ә) оқушы
Б) кітап
8. Ұлыстың ұлы күні мерекесі қашан?
А) 1 мамыр
Ә) 31 тамыз
Б) 22 наурыз
9. Қазақ елінің үш ағартушысы кімдер?
А) Ш. Уәлиханов
Ы. Алтынсарин
А. Құнанбаев
Ә) Ш. Құдайбердиев
А. Байтұрсынов
М. Дулатов
Б) М. Жұмабаев
С. Мұқанов
Ғ. Мүсірепов
10. 2013 жылғы Лондон Олимпиадасының алтын жүлдегері кім?
А) Бекзат Саттарханов
Ә) Ольга Шишигина
Б) Серік Сәпиев

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 674
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "Дарын" мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мусина Камшат Мажитқызы
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×