Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен тоқсандық қайталау

22 ақпан 2014, Сенбі
Тақырыбы: Тоқсандық қайталау (презентациясымен)
Мақсаты білімділік: оқушылардың тақырыпқа байланысты білімдерін тиянақтау, қорытындылау, пысықтау, сауаттылығын тексеру, әр түрлі тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын молайту. Дұрыс сөйлем құру, сауатты жазу мәдениетін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды бір - бірін сыйлауға құрметтеуге адамгершілікке құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, кеспелер
Сабақтың әдіс – тәсілдері: салыстыру, сөздік жұмыс, сұрақ - жауап, әңгімелесу, іздену.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, түгендеу)
Оқушыларды ң зейінін сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру «Менің досым» шығарманы тексеру
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Қайталау - оқу анасы,
Мақалдың бір данасы
Өйткенді еске түсірсең
Ешкімнің жоқ таласы
Демекші, балалар біз бүгін өйткен тақырыптарды қайталаймыз.
Қайталай отырып, біз «Білім әлеміне» саяхат жасаймыз

I аялдама. Дыбыстар әлемі
Слайд көрсету
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Балалар бұл өлең де жылдың қай мезгілі туралы айтылады?
Бұл өлеңде қандай ерекше дыбыстар бар?
Ө, І, Ү, Ғ, Қ - қандай дыбыстар
Күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Күзде күн суытады, ағаштардың жапырағы сарғаяды, астық, көкөніс, жеміс піседі
Адамдар қысқа қалай дайындалады?
Күзде нені жинаймыз?
Слайд көрсету
Тапсырма: Дауыссыз дыбыстарды себетке жинау,
Үнді: Р, Л, М, Н, Ң, Й, У
Ұяң: З, Ғ, Г, Б, Д, Ж, З,
Қатаң: С, Т, П, Қ, К, Ч, Ш, Ц, Х, Һ
Тапсырма: Адасқан әріптер. Араласқан әріптерді дұрыс орнына қойып, сөздерді оқу және аудару
II аялдама: Үндестік әлемі – үндестік заңы дегеніміз не?
Сөз жуан дауысты дыбысқа басталса қандай дауысты дыбыстар қосылады?
Сөз жіңішке дауысты дыбыстар қосылса қандай дауысты дыбыстар қосылады?
Ребус шешу: Слайд көрсету
Біздің отбасымыздың мүшелерін атау? (ата, әже, әке, шеше, іні, қарындас, аға, сіңілі, әпке)
Тапсырма:
Көптік жалғауларды жалғау
Жуан: Аналар, қарындастар, ағалар, аталар, ағалар, бауырлар
Жіңішке: Әпкелер, әжелер, інілер, шешелер, сіңлілер
Тапсырма: Отбасына байланысты 2 сөйлем құрау.
ІІІ аялдама. Сөз құрамы.
Қазақ тілінің сөз құрамы неден тұрады?
Қосымшаға не жатады?
Негізгі түбір деген қандай түбір?
Туынды түбір деген қандай түбір?
Тапсырма: Сөздерді сөз құрамына талдаңдар
Күздік, жапырақтар, бақша, көкөністер, ағаштар, жаңбырлы.
Тапсырма: Сурет бойынша сөйлем құрастыру
Айжан алмұрт сатып алды.
Жүзім өте тәтті жеміс.
Көкөністер денсаулыққа пайдалы.
Сөздермен сөз тіркестерін құру
Дәмді құлпынай, тәтті қарбыз, піскен құлпынай, үлкен асқабақ, қышқыл лимон, ірі жүзім
IV аялдама. Синоним дегеніміз не?
Антоним дегеніміз не?
Омоним дегеніміз не?
Тапсырма: Антонимдерді табу?
Күн -..., Ақ -...., Биік -......, Үлкен -......, Жаман -..........
Синонимдерді жазу:
Оқушы,........ Әдемі,........, Лас,........, Зат,........, Мұғалім,........,
Тапсырма: Омоним сөздерімен сөз тіркесін құрау:
Ат, түс, қара, қой, жаз
V аялдама. Тест

Қорытынды: С абағымызды қорытындылай отырып, тест жұмысын орындаймыз. Өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, біраз жұмыс орындадық
1. Тест: Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
А. 22 Ә. 18 Б. 30 В. 42
2. Қазақ алфавитінде қанша дауысты дыбыс бар?
А. 8 Ә. 3 Б. 15 В. 12
3. Дауысты дыбыстарды көрсет.
А. Ы, И, А Ә. Ә, В, Г Б. Ж, О, Л В. Қ, И, Е
4. Ұяң дауыссыз дыбыс нешеу?
А. 7 Ә. 3 Б. 5 В. 4
5. Үнді дауыссыз дыбыс нешеу?
А. 6 Ә. 7 Б. 5 В. 8
6. “Мейірімді” сөзінің аудармасын тап.
А. Учитель Ә. добрая Б. Хорошая В. Нравится
7. Үлкен, дәу, зор қандай сөздер?
А. Омоним Ә. Синоним Б. антоним В. сөздер
8. “Влажный” сөзінің аудармасын тап.
А. құрғақ Ә. жаңбырлы Б. дымқыл В. суық
9. Түбір нешеге бөлінеді
А. 4 Ә. 8 Б. 2 В. 5
10. Жылдың неше мезгілі бар?
А. 3 Ә. 5 Б. 10 В. 4
11. Көп нүктенің орнына қойылатын әріптерді белгіле
... ке, ...же, ...ж, ...р, к... л, г... л, т... р
12.
А. Сабағымен мықты Ә. Тамырымен мықты
Б. Салмағымен мықты В. Көңілімен мықты
Қорытынды: Біз бүгін өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, сөз құрамын, антоним, синоним, дауысты және дауыссыз дыбыстарын,. үндестік заңын қайталадық. Сендер жақсы меңгергендерін көрсетіңдер
Бағалау: Белсенді қатысқан балаларға жауабына қарай баға қою
Үй тапсырмасы: Достық, бірлік туралы мақалдар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 513
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілі № 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз № 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар) № 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу. № 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау. Ой - өрісін, сана – сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Функционалдық сауаттылығын арттыру
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салаластың жасалу жолы туралы жаңа білім беру, кезектес салаластың құрамына енген жай сөйлемдердегі іс - әрекеттің кезектесіп келетіндігін, тек жалғаулық шылаулар арқылы байланысатындығын меңгерту; ә) дамытушылық: оқушылардың білім - білік,
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау; Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×