Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Музыкалық аспаптар.Қобыз.

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық аспаптар. Қобыз.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат: қазақтың ұлттық аспаптары жайында әңгімелеу, солардың ішінде қобыз тарихына тоқталу. Белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев жайында мағлұмат беру.
2. Дамытушылық мақсат: оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, проблемалық жағдай туғыза отырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік мақсат: қазақтың белгілі сазгері - Н. Тілендиевтің шығармаларын дәріптеуге, ұлттық аспаптардың түрлерін ажырата білуге тәрбиелеу, музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың типі: ақпарат пен нәтижелерді талдау
Сабақтың көрнекілігі: қобыз, фотосуреттер, тірек - сызба.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка.
Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгін ерекше сабақ болмақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Өздеріңді еркін ұстап, білімдеріңді ортаға салуға тырысыңдар.
Сабағымыздың тақырыбы: Музыкалық аспаптар. Қобыз.
Мақсаты: Белгілі сазгерлермен танысу, ұлттық аспап түрлерін ажырата білу, грамматикалық тапсырмаларды орындау. (1 - слайд).

Жаңа сабақ түсіндіріледі:
Мұғалім сөзі: Қазақ халқының ұлттық аспап түрлері өте көп. Соның ішінде ең ежелгі түрі - қобыз. (қобыз көрсетіледі). Осы аспаптың өзіндік тарихы бар.
Қобыз тарихы жайында бізге музыка пәнінің мұғалімі Ожерельев Анатолий Васильевич әңгімелеп береді: (2 - 5 - слайд).

Кобыз - древний музыкальный инструмент. Однако в древности кобыз и музыка, которая на нем исполнялась не употреблялись в развлекательных целях. Инструмент использовался баксы в обряде – особом действии направленном на лечение, гадание. Обряд этот был магическим. Баксы верили, что музыкой и пением призывают, заклинают своих духов и что они помогают излечить больного.
Происхождение кобызовой музыки и самого инструмента, связано у казахов с именем легендарного первого баксы Коркутом, которого еще и называли отцом всех музыкантов.

Музыка мектебінің оқушысы Мәжитова Әйгерімнің орындауында Е. Брусиловскийдің «Шолпан» атты шығармасын қобыз үнімен тыңдап көріңіздер.
Сабағымызға келген қонақтарымызға құнды деректері мен әсем музыкасы үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізіледі:

1. Мына тақтада ұлттық аспаптар көрсетілген.
Соларды дұрыс атап, көрсету керек. (6 - слайд)
Асатаяқ, дабыл, даңғыра, домбыра, жетіген, қобыз, мүйізсырнай, сазсырнай, шаңқобыз, ұран, шертер, сыбызғы.
Мұғалім сөзі: Осы музыкалық аспаптардан оркестр, ансамбльдер құрылады. Қазақтың белгілі сазгері кім?
Иә, дұрыс таптыңдар, Нұрғиса Тілендиев.
Н. Тілендиев жайында осы сыныптың оқушысы - менің көмекшім Е. Лебедева айтып береді. (7, 8 - слайд).
Қазақтың әйгілі күйші - композиторы Н. Тілендиев 1925жылы Алматы облысының Іле ауданында туған. Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесі. Москваның П. И. Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлік факультетін бітірді. «Отырар сазы» оркестрінің ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н. Тілендіұлына 1998 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді. «Ата толғауы», «Махамбет», «Аққу» сияқты күйлері бар.
Мұғалім сөзі: Балалар, біздің ауданда осындай оркестр немесе ансамбльдер бар ма?
Иә, «Көкек» ансамблі. Бұл ансамбль жайында менің келесі көмекшім - Нұрқышева Салтанат айтып береді. (9 - 12 - слайд)
Ауданымыздың «Көкек» ансамблі бүкіл облысқа танымал десек те болады. Олар әрдайым облыс көлемінде болатын концерттерге, байқауларға қатысып тұрады. 2009 жылы арнайы шақырумен Түркияда концерт қойып келді.
Мәтінмен жұмыс жүргізіледі:
Жаңа сөздер сөздік дәптерге жазылады: аспап, шымылдық, үзінді, сахна, орындады, рухани, өнерпаз, ішек, көне, көрермен.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырамыз: рухани байлық, кең сахна, шымылдық ашылды, күй орындады, өлеңнен үзінді т. б.
Мәтін мәнерлеп оқылады, сұраулы сөйлемдер құрастырылады.
Жас өнерпаздар
Біздің ауылда халық аспаптары оркестрі құрылды. Сенбі күні олар Мәдениет үйінде концерт өткізді. Концерт өте қызықты өтті.
Сахнаның шымылдығы ашылғанда, қолдарына домбыра, қобыз, сазсырнай, асатаяқ, сыбызғы, сазсырнай және т. б. аспаптар ұстаған оркестр көрінді. Олар Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін, халық әні «Бір баланы» орындап берді. Эстрадалық әндер де айтылды. Әртістер «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектаклінен үзінді көрсетті.
Көрермендер жас өнерпаздардың концертіне риза болды. (13 - 14 слайд)
Грамматикалық тапсырмалар орындалады:
1. «Қобыз», «Күй» сөздерін септеңдер.
2. «Рухани», «Ғасыр» сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар: Алматыда қазақ халқының музыкалық аспаптар мұражайы бар. Мұражайда Дина Нұрпейісованың, Әміре Қашаубаевтің домбыраларын көруге болады.
Сабақ қорытылады. Мына тірек - сызбаны толтырайық. Ол үшін сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.
1. Н. Тілендиев кім?
2. Сазгер қай облыста туған?
3. Қай оқу орнын аяқтаған?
4. Қандай күйлерін білесіңдер?
5. Н. Тілендіұлы қай оркестрдің дирижері болған?
6. 1998 жылы қандай атақ берілді?
7. Нешінші жылы қайтыс болды? (15 слайд)

Тест сауалдарына жауап береміз. Әр сауалға 20 сек. уақыт беріледі.(16 - 23слайд)
1. Қ. Р. мемлекеттік тілі қай тіл?
А. қазақ тілі
Б. орыс тілі
В. ағылшын тілі
2. Реттік сан есімдерді көрсет.
А. алты - жеті, төртеу
Б. бір, бес, жүз
В. екінші, сегізінші.
3. Мақалдың жалғасын тап. Біреуге ор қазба,...
А.... соны орасың.
Б.... өзің түсерсің.
В.... қол бастар.
4. «Асатаяқ» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
А. 7 әріп, 8 дыбыс
Б. 7 әріп, 7дыбыс
В. 8 әріп, 7 дыбыс.
5. Мынау қандай сөз тіркесі? Сыбызғыда ойнайды
А. зат есім - зат есім
Б. сын есім - есімше
В. зат есім - етістік
6. Н. Тілендиев кім?
А. суретші, әнші
Б. аудармашы, әртіс
В. сазгер, дирижер
7. Музыкалық аспаптарды көрсет.
А. күрек, тарақ
Б. жетіген, сазсырнай
В. сахна, күй

Үйге тапсырма беріледі: 129 бет. 5 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру. (24, 25 - слайд)
Оқушылар еңбегі бағаланады
8 004
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Музыка пәнінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Киелі аспап – қобыз Сабақтың тақырыбы: Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев Сабақтың тақырыбы: Қобыз Сабақтың тақырыбы: Қобыз аспабында ойнау шеберлігін арттыру
Киелі аспап - қобыз
Киелі аспап - қобыз
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсат: қазақтың ұлттық аспаптары жайында әңгімелеу, солардың ішінде қобыз тарихына тоқталу. Белгілі сазгер Қорқыт жайында мағлұмат беру. Жаңа ән үйрену.
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Балалардың қазақтың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын дамыту. Балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы арқылы патриоттық сезімін ояту, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру. Ұлттық аспаптар туралы түсінігін кеңейту.
Киелі аспап
Киелі аспап
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аспабы қылқобыз жайлы әңгімелеу, қылқобыз аспабымен танысу. Білімділік: Аспаптың шығу тарихымен танысу
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×