Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі

01 наурыз 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Мағжан – Абай поэзиясын жалғастырушы, ұлтын сүйген ақын екендігін таныту, өлеңдеріндегі ұлттық рух, еліне деген сүйіспеншіліктің жырлануы. Жастардың келешегіне зор үмітпен қарау
ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу
б) тәрбиелілік: Елжандылыққа, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, М О Т «Мені түсін», «жылдар сөйлейді», Деңгейлік тапсырмамен жұмыс, СТО « Екі жақты күнделік», «топтастыру»
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Мағжан Жұмабаев шығармашылығы, ақынның өлеңдер жинағы, ақын туралы естеліктер (буклет), мультимедия
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру
(Сыныпты топқа болу. 3 топтың белсенді қызметі арқылы орындалатынын хабарлау)
2. Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
Бұл кімнің өлеңі?
ә) Мағжан кім? Ол қандай ақын, оның қандай өлеңдері бар?
Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында:
Мағжан – ұлы ақын, Мағжан – лирик, сыршыл ақын
Мағжан – эпик ақын
Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан»өлеңін өткен болатынбыз.
Ақынның өлеңінің идеясы неде, оның өмірі, өлеңінде қандай тұлғалар туралы баяндалғанын ортаға саламыз.

Тапсырма:
“Білім” “Түркістан” өлеңі бойынша тапсырма
1 - топ “Түркістан өлеңінің тақырыбы мен идеясы неде?
2 - топ “Жылдар сөйлейді”
( 1893. 1905. 1910. 1912. 1913 - 1916. 1919. 1923 - 1928.
1929. 1936. 1938)
( Оқушылар жылдар бойынша ақынның өмірінің басты оқиғасын айтады)
3 - топ Өлеңдегі жалқы есімдерді ата. Қандай тұлғалар туралы жырлаған?
(Өлеңдегі жер - су аттары, адам аттарын айтады)

«М. Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ
поэзиясының арасындағы
поэтикалық көпір» (Ғ. Ибрагимов)

Ақынның «Түркістан»өлеңінің мазмұны мен идеясы туралы сұралып, талданғаннан кейін, жаңа сабақ түсіндіріледі.
Мағжан Жұмабаев
“Мен жастарға сенемін” өлеңі
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 062
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі
Оқу мақсаты: 7. Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау 7. А5. Диалогқа қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші - тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы, «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой - пікірін қалыптастыру
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту. Мен жастарға сенемін өлеңінің маңызы туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.
Мағжан Жұмабаев "Сағындым" өлеңі
Мағжан Жұмабаев "Сағындым" өлеңі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілесова Набат Сержанқызы
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі
Ақтөбе қаласы, № 5 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еспембетова Айнаш Жолшыраковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×