Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай сөйлемге арналған жаттығу жұмыстары

06 наурыз 2014, Бейсенбі
Қазақ тілі 8 cынып
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемге арналған жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушылардың жай сөйлемнен алған білімдерін тиянақтау, бір жүйеге келтіру, қорыту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
2. Дамытушылығы: Ойын түрлері арқылы оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін шыңдау, шығармашылыққа баулу, қызығушылықтарын арттыру, ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелілігі: Оқушыларды тапқырлыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, сауатты, таза жазуға, топпен, жұппен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, үлестірмелі карточкалар, қима қағаздар, слайдтар
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, топпен жұмыс, жұптық жұмыс, тест, ойын.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ бастауға жағдай жасау. Сыныпты екі топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Атаулы сөйлемге байланысты берілген жаттығуды тексеру.
2.. Жазып келген ойтолғауларын тексеру.
3. «Дала», «Мезгіл суреттері» тақырыбына салып келген суреттерінен көрме ұйымдастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Жай сөйлемге арналған жаттығу жұмысы.
1. «Ой шақыру» әдісі.
«Шыршаны безендіру» ойыны арқылы жай сөйлемнің түрлерін қайталау, еске түсіру.
І топқа:
1. Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.
2. Бастауышы мүлде жоқ сөйлем.
3. Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
4. Іс - оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем.
5. Оқшау сөздің түрлерін ата.
6. Қызмет те ортақ, сұрау да,
Жауап беріп тұрамыз
Бәріміз бір - ақ сұрауға.

ІІ топқа:
1. Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем.
2. Бастауышы бар сөйлем.
3. Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
4. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлерін ата.
5. Баяндауыштан басшының қимыл - әрекеті қашан, қайда, қалай, не мақсатпен, не себепті жүзеге асырылатынын пысықтап, сұрап тұратын, баспасөз қызметкеріне ұқсайтын сөйлем мүшесі.
6. Емеспін еш уақытта анықтауыш,
Өзімнен бұрын тұрған сөзді ғана,
Айқындап, түсіндіріп берем нағыз

2. Кітаппен жұмыс
128 - жаттығу. «Қадір түні» мәтінін оқып, жеке атаулы сөйлем болатын тіркестерді теріп жазу.
Мысалы: Уыздай түн. Көп - көп тілеу.

3. Талдау - табыс кілті.
( 2 топқа талдауға сөйлемдер беріледі )
І топқа: Сөйлем мүшесіне талда:
Туған жердің табиғатын ауызбен айтып жеткізе алмайсың.
Сұлтан жайлауды екі күн аралады.

ІІ топқа:
Жомарт жоғарғы қабатқа көтеріліп келеді.
Мен онымен емін - еркін сөйлестім.

4. Сергіту сәті. « Оң қол, сол қол, қос қол» ойыны. ( Жалаң, жайылма, атаулы сөйлемдерге байланысты )

1. Долы боран.
2. Күн жылынды.
3. Мен елімнің ертеңіне сенемін.
4. Елорда еңсесін биік көтеріп тұр.
5. Суық жел.
6. Үскірік аяз.
7. Күн батты.
8. Мен ауылдан келдім.
9. Қар жауды.
10. Түнгі Астана.

5. Шығармашылық жұмыс.
«Қыс келбеті» тақырыбында шағын шығарма жазу.

6. «Кім жылдам?» (ауызша)
Берілген сөйлемдерден І топ жақты сөйлемдерді, ІІ топ жақсыз сөйлемдерді табу.

Берілген сөйлемдер: Ерте бару керек. Біздің кездескеніміз жөн. Ауыл тұрмысы жақсы. Мақсат – көп астық жинап алу. Сабаққа кешігуге болмайды. Баланы жаман үйретпеу керек. Өнерші бай өте жауыз адам екен. Оның жасы алтыда.

7. «Ым мен ишара» ойыны. Екі топтан екі – екі оқушыға тапсырма жазылған қағаз беріледі. Тапсырма алған оқушы тапсырма мазмұнын ым, ишара, қас - қабақ, қимылмен көрсетеді. Оқушылар өз ойларын жай сөйлемдер түрінде жазады.

Берілетін тапсырмалар:
• Ұйтқи соққан боран.
• Тоңып қалған бала.
• Қар күреген адам.
• Билеп жүріп ән айтқан әнші.

8. Сәйкестендіру тесті
І топқа
1. Атаулы сөйлем
2. Жалаң сөйлем
3. Жайылма сөйлем
4. Жақты сөйлем
5. Жақсыз сөйлем
6. Толымды сөйлем
7. Толымсыз сөйлем

Жауын жауып тұр.
- Анау Ақбоз сенікі ме?
Түн. Күз. Жайлау.
Бұл өмірден жылап кеткім келмейді.
Егіншілер егін басында жүр.
Жұмысшыларға кетуге болмайды.
Партизандар ұйықтап кетті.

ІІ топқа
1. Атаулы сөйлем
2. Жалаң сөйлем
3. Жайылма сөйлем
4. Жақты сөйлем
5. Жақсыз сөйлем
6. Толымды сөйлем
7. Толымсыз сөйлем

Қоңырау соғылды.
Шәкен жиналыста үндемеді
- Асау ма өзі?
Жаз. Қос басы...
Тәуелсіздік тірегі - білімді ұрпақ.
Олар бізді күтіп алды.
Абайды халық құрметтеп еске алады.

ІV. Қорытынды
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру
10 152
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Атаулы сөйлем
Атаулы сөйлем
Жай сөйлемнің құрамдық түрлерінен сөздердің білімдерін жетілдіру, жай сөйлемнің бір түрі атаулы сөйлем және оның жасалу жолдарын түсіндіру, атаулы сөйлемнің ерекшеліктерін меңгерту. үйрету
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Күрделі сөздерді қайталау
Күрделі сөздерді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Атаулы сөйлем
Атаулы сөйлем
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өтегенова Несіпкүл Жақсымұратқызы Сабақтың тақырыбы: Атаулы сөйлем. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.Оқушыларға атаулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.