Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақшаңыз қалай?

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?»
Мақсаты: Тіл туралы білімдерін жүйелеп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу. Оқушыларды өз ана тілдерін сыйлауға тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білу - өмір талабы екеніне көздерін жеткізу. Әр ұлт арасында достықты, бірлікті нығайта отырып, егеменді елімізді сүюге, құрметтеуге, мемлекеттік тілімізді үйренуге тәрбиелеу.
Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Қазақ тілінде ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу, іскерлігін қалыптастыру.

«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Ана тілі - бәріміздің анамыз. Өйткені ол - ұлттың анасы».
Н. Ә Назарбаев.
«Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашасы»
Ш. Уалиханов
ҚР - ның Әнұраны орындалады.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар, бүгін біз «Мемлекеттік тіл ұлттың дәнекері» атты іс шарада «Қазақшаңыз қалай?» атты сыныптан тыс шарамызды ашық деп жариялаймыз. Бұл шарада сынып оқушылары топқа бөлініп сайысқа түседі.

І топ «Тапқырлар»
ІІ топ «Алғырлар»

Шарамыздың мақсаты: қазақ тілін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, қазақ тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, мақтан тұтуға тәрбиелеу. Қазақстанның, қазақ тілінің құдіреті туралы түсініктерін кеңейту және дамыту.

Құрметті ұстаздар, қонақтармен оқушылар. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіретіне арнайы ұйымдастырылған « Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер. Отанымызға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді, салт дәстүрлерді құрметтеуге, тіліміздің қадірін білуге бәріміз міндеттіміз.
Қазақ тілінің құдіреттілігі, өрлігі ерекше өрбіп, өріс алып келеді, Қазақ тілі мемлекеттік мәртебелі болып отырған кезеңде, « Қазақшаңыз қалай?» - деп басқа ұлт өкілдеріне сұрақ қойғымыз келеді. Орыс сынып оқушыларының арасында өткелі отырған кеш сайыс ретінде өтеді.
Балалар, «Қазақ тілі» еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп сайыстар кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады. Әр сайысқа 10 ұпайдан және капитандар сайысына да 10 ұпай қойылады. Ең жоғары ұпай 10, ең төмен ұпай - 2.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!. деп әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
Әділ қазылар алқасы сайланады.
Төселген жазушы емес менің затым,
Көркемдік жұмыс емес жазған хатым.
«Сергек ой ер серігі» дейді қазақ,
Салмақтап ел танысын ерлер атын, деп бірінші бастаймыз.

І. сайыс. «Сөйлей - сөйлей шешен боласың» сурет бойынша әңгіме.
ІІ. сайыс. «Кім тапқыр?». Сөз тіркесін құру (сәбіз, қызанақ, қоян, қыз, түйе, ту, үйрек, ит, гүл, жылқы).
ІІІ. сайыс. «Кім жүйрік?» Әріп бойынша сөз айту. Ә, Ү, Ұ, Қ, Ө, І, Ғ т. б
ІҮ. сайыс. «Білімді мыңды жығады». Тиісті әріпті қой.
«Алғыр тобы»... йрек, ж... зім,... лу, б... р, т..... рт, мысы....
«Тапқыр тобы» к... белек, алт...., тор... ай,..... алам, ша... ғы,..... й.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым
Қазақ тілі – ертеңім, болашағым Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқанымда - ақ берген білім. Ең алғаш сол тілменен сыртқы шықты, Сүйгенім, ұнатқаным, жек көргенім.
"Кім тапқыр?"
"Кім тапқыр?"
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Қазақшаңыз қалай? Өзге ұлт мұғалімдеріне өткізген байқаудың сценариі
Қазақшаңыз қалай? Өзге ұлт мұғалімдеріне өткізген байқаудың сценариі
БҚО, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының № 5 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ксауинова Д. С.
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылы, Әл - Фараби атындағы орта мектеп Шынтаева Рауан Жайлаубекқызы
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×